-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Үйің жоқ боп кетіпті» дегенде қорқып едім…» — Үйіне оралған Арыс тұрғыны (видео)

    Өз шаңырақтарына жеткен тұрғындар Шымкент пен Қазақстанның барлық халқына өздерінің алғысы мен жүректен шыққан лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтының дерегіне сүйеніп.

    Арыс қаласының тұрғындарының бірі Пәрменқұлов Ілияс ақсақал бүгін өз үйіне оралғанына қуанышты. Отбасының амандығына шүкір еткен оның көпке деген алғысы шексіз.

    «Шымкенттің халқына, қазақ халқына рахмет! Үйімізде болмаған астың барлығын аузымызға тосты. Бауырсағы мен етін, қуырдағына дейін әкелді ғой. Көрпе-төсекті былай қойғанда, кішкентай нәрестелердің керегіне дейін әкеп берді», — дейді ол.

    Ал, алып-қашпа әңгімелерден бастапқыда қорқып, кейін көз жеткізген келесі тұрғын Арыстағы үйлердің қалпына келтіру жұмыстарының алғашқы әрекетіде басталып кеткенін айтады.

    «Үйіме келдім. Алдында «үйің жоқ боп кетіпті» деген алып-қашпа әңгімелер болды. Кішкене қорыққан едік. Қазір келдік… Кішкене шығын бар.Әйнектері сынған, міне. Бала-шағамыз аман, соған қуанып отырмыз. Көмек беріліп жатыр, дезинфекция жасады. Қазір азық-түлік жеткіземіз деді. Бәрін көріп, жазып кетті», деген арыстық тұрғын Сиқым Қанат жасалып жатқан істерге көңілі толатындығын жеткізді.

    Айта кетейік, бүгін таңғы 8:00-ден бастап Арыс қаласының тұрғындары эвакуациялық пункттерден оралып, қалаға кіргізіле бастаған болатын.

    қатысты посттар

    Назарбаев орталығы БҰҰ Өркениеттер Альянсымен әріптестікке қол жеткізді

    Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы жылу маусымына дайындық мәселесін саралады

    Фариза

    Қазалыдағы ауруханаларға оттегі концентраторы жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.