-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Келешегі кемел кәсіпорын

    Шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары мемлекеттік саясат арқылы алдағы уақытта да жүргізіле береді. Жалпы, Қазақстанның экономикалық даму саясатының негізгі бағыттарының бірі инвестиция тарту болып табылады. Мәселен: Жамбыл облысындағы Талас ауданы былтыр межені 120 пайызға артығымен орындап, 12 млрд. 218 млн. инвестиция тартса, биылғы меже 13 млрд. 61 млн. құрайды екен. Талас ауданында жаңа инвестициялық жобалардан бөлек, жұмыс істеп тұрған зауыттар да бүгінде ауқымын кеңейтіп, қосымша өндіріс орындарын ашу арқылы инвестиция көлемін ұлғайтып отыр. Олардың қатарында «Талас инвест компани» секілді ірі кәсіпорындар бар. Бұл зауыт қазір екінші бөлігінің құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Осының арқасында өндіріс аумағы кеңейіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Атап айтқанда, осыдан бес жыл бұрын іске қосылған алып зауыт жұмыс қарқынын жыл өткен сайын арттыра түсуде. Өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі биыл 10 милард 377 милион теңгеге жетсе, оның басым бөлігі дәл осы натрий өнімін шығаратын кәсіпорынның еншісінде. Бұл еліміздегі цианйд натрий шығаратын тұңғыш химия өнеркәсібі. Қазақстанның өзге аймағында мұндай зауыт жоқ десе де болады. Бұл өндіріс нысаны 2014 жылы индустриалды иновациялық дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асырлып, іске қосылған болатын. Жобаның жалпы құны 22,6 милиард теңгені құрайды. Ол жылына 15 мың тонна цинайд натрий шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар, кәсіпорын қалдықсыз жұмыс істейді. Атап айтқанда натри қалдықтарынан жылына 5 мың тонна ауылшаруашылығына аса қажетті минералды тыңайтқыш- сульфат алынады. Тәулік бойы жұмыс істейтін өндіріс орнында 600-ге тарта адам еңбек етуде. Оның басым көпшілігі Қаратау қаласы мен Талас ауданының тұрғындары болып табылады. Өндіріс толық автоматтандырылған. Оның барлық жұмыс жүйесі компютер арқылы қадағаланады. Зауыт орыны биылғы жылдың 5 айында 5674 тонна натрий цинайдын және 1252 тонна сульфат амониін өндіріпті. Аудан бюджетіне биылдың өзінде 5 милиард, 500 милион теңге түсірген. Осылайша олар жергілікті қазынаның қоржыны қомпайтуға айтарлықтай үлестерін қосып отыр. Натрий өндіретін тұңғыш кәсіпорынның келешегі кемел. Минералды тыңайтқыштары еліміздің егістік саласын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп жатса, ал шет ел сұранысына ие цинайд натрилері Ресей мен Тәджікстанға жіберілуде. Алдағы уақытта өндіс орны өнім көлемін ұлғайтып, экспорттауды еселей түспекші.

    қатысты посттар

    Мойынқұмда мал азығы молынан жиналуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі спорт нысандарын аралады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.