-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Кәсіпкерлікке кең өріс

    Шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдау мақсатындағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады. Бұл кәсіпкерлік саласына кең өріс ашатыны белгілі. Мәселен: осы жоба аясында Жамбыл облысындағы бір ғана Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында былтырдың өзінде 8- жаңа кәсіпкерлік қаржыландырылған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша көмек алған азаматтар мемлекет тарапынан пайызды субсидиялау, несиеге кепіл беру секілді жеңілдіктерді пайдалана алады. Бұл Елбасының бес әлеуметтік бастамасында да айқын көрініс табады. Мәселен: онда шағын несие беруді көбейту керектігі айтылған. Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады деген еді еліміздің тұңғыш президенті. Шынында, шағын несиені көбейту көпшілікке тиімді болды. Осының арқасында Қаратау қаласында 2- жаңа дүкен де ашылды. Онда қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасалған. Бұрын Қаратау тұрғындары жихаздар алуға, құрылыс заттары мен өзге де керек-жарақты 100- шақырым жердегі Тараз қаласынан таситын болса, енді тұрғындарға тиімді несие берудің арқасында ол проблемалар да шешіліп отыр. Мәселен: осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланып отырған жандардың бірі Қаратау қаласының тұрғыны Нұрбол Байжанов. Алғашында есігінің алдындағы аядай ғана цехтан бастаған жеке кәсіпкер, өз үйінің жертөлесінде де жұмыс істеді. Алайда, ол кезде болашақта осындай үлкен дүкен саламын деп ойламағанмын дейді. Жеке кәсіпкер дүкен қасынан жихаздар дайындайтын цех ашқан. Онда Қаратау қаласының 10 азаматы жұмыспен қамтылды. Негізінен тұрмысқа қажетті бұйымдарды тапсырыспен қабылдайды. Екінші деңгейлі банктер арқылы несиеге де береді. Бұл халық үшін тиімді болып отыр. Нұрбол Байжанов мұнымен тоқтап қалмайтындығын айтады. Мемлекеттен қолдау болса, алдағы уақытта қазіргі дүкенін үлкейту жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін бүгінде екінші қабатының құрылыс толық аяқталды. Енді ішін жөндеуді жоспарлап отыр. Әрине, мемлекет басшысы айтып отырған кәсіпкерлікке кең өріс ашу мәселесі ауданды жерде де үлкен қолдауға ие болып отыр. Себебі, Талас ауданы бойынша бір жылда ашылған нысандардың өзі осындай. Ал, 2020 жылға жоспар одан да көп дейді әкімдік өкілдері. Демек, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бөртінші бағытында берілген тапсырмалары Жамбыл жерінде жоғарғы деңдейде жүзеге асып жатыр деуге толық негіз бар.

    қатысты посттар

    Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары

    Өңірдің инвестициялық саясаты тұрақты

    ШЫМКЕНТ: Тұрғындарға «HАLYK-SAULET» электронды жүйесі арқылы қызмет көрсетілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.