-8.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда мұрағат мамандарына арналған семинар өтті

    Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында мұрағат саласында қызмет атқаратын мамандардың біліктілігін арттырып, танымдық шеберлігін шыңдау мақсатында екі-күндік оқу семинары өтті. Онда «Істер номенкулатурасын жасау, құжаттарды қалыптастыру» және «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу тәртібі» секілді маңызды дүниелер үйретілді. Архив саласының мамандары мұндай семинарлардың олар үшін пайдалы тұстары да көп екендігін айтады. ҚР Президенті Архиві мен «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты» бірлесе ұйымдастырған шарада арнайы келген мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Архив саласы — өз алдына бір өндіріс алаңы іспетті. Ондағы қалыптасатын, сақталатын іс қағаздары белгілі бір тәртіпке сәйкес реттеліп отырады. Оның үстіне Елбасы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық мұрағаттарды электронды жүйеге көшіруді тапсырған болатын. Өйткені, қағазда қатталған құжаттар бүлінуі немесе сиясы өшіп кетуі мүмкін. Ал, компьютерде сақталған дүние үрпақтан ұрпаққа жалғаса берудің бірден бір тетігі. Бүгінде республика бойынша «бірыңғай архив қоры» да жұмыс істейді. Әр азамат өзіне қажетті анықтамаға не болмаса ақпаратқа осы қор арқылы қол жеткізе алады. Оның біріңғай базасы қалыптасқан. Қағаздар шатасып, я болмаса жоғалып кетпес үшін әрі тез табу үшін құжаттар арнайы жүйе бойынша жүргізіледі. Архивтік істердің номенкулатурасы осындай үлкен істердің бастамасындай. Сондықтан номенкулатура дұрыс жолға қойылса, оны жалғастыруда аса қиындық туғызбайтын болады. Осы жиында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Архив-2025» бағдарламасы жөнінде де аталып өтті. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мəдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, əлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар əлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан, ежелгі дəуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық жəне шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын деген еді Қазақстанның тұңғыш президенті. Сол кезден бері бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мəдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық жəне шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі əрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мəн беріліп келеді. Семинар кеңесте Елбасы тапсырмасының өзектілігін жергілікті мұрағат мамандары да жылы қабылдап, өзара талқыға салды.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша елімізде екінші орында тұр

    Фариза

    Шымкентте карантиндік шектеу тағы да ұзартылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: «ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕН» ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРМЕК

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.