-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ТАРАЗДА «BEST ВИДЕО» ТУҒАН ӨЛКЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «#BestвидеоТуғанөлке» облыстық онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара барысында байқауға қатысушы оқушылар мен колледж студенттерінің үздік видеолары көрсетілді. Байқау шарты бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушылары туған өлке тарихы туралы қызықты видеолар әзірлеген болатын. Барлық видеолар #BestVideoTуғанөлке2019 хэштегімен Жамбыл облыстық білім басқармасының YouTube каналына жарияланып, онлайн дауыс жинады. Нәтижесінде, YouTube видеохостингіне 50 видеоматериал орналастырылып, 7 қатысушы жүлделі орын иеленсе, оның 10-ы номинация иегері атанды. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласындағы 6-шы бағыты негізінде жүзеге асырылып отырған жұмыстар болатын. Оның үстіне қазір білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру мақсаты алға қойылды. Мектеп қабырғасындағы оқушылар мен колледж студенттеріне тек сабақ оқып қана қоймай, олардың ойлау қабілетін арттырып, сана-сезімін, өмірге көз қарастарын өзгерту мақсатындағы жұмыстарды күшейту керек. Өйткені, бұл қазіргі заманның талабы болып отыр. Аталған іс-шара ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау алды. Байқау шарты бойынша студенттер мен оқушыларға археологиялық қазбалар, сәулет өнерінің озық туындылары мен туған жердің әсем табиғатын суреттеу тапсырылған еді. Нәтиже жаман болған жоқ. Жамбылдық жастар туған жерлерін барынша көрсетуге тырысты дейді шараны ұйымдастырушылар. Мәселен: жүлделі бірінші орын алған Тараз қаласындағы №12 ші мектеп гимназиясның оқушысы Батырхан Бейсенбеков облыс орталығында қайта жаңартылған «Жеңіс» саябағын видеоға түсірген. Мектеп түлегін ондағы биыл пайдалануға берілген «Даңқ залы», үлкен жағажай мен ардагерлердің аттары жазылған ескерткіш тақталар ерекше қызықтырыпты. Осының арқасында бұл видео ең көп қаралым жинап, әділ қазылар алқасының да үлкен бағасына ие болған. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын алған жеңімпаздар Көкшетаудағы «Бурабай» оқу-сауықтыру орталығына демалуға жолдама алды. Жалпы, бұл шараны ұйымдастырушылар байқаудың жастарға берері мол екендігін айтып отыр. Бұл балалардың туған өлкеге деген қызығушылығын арттырып, олардың отанын сүйіп өсуіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, жазғы уақытта ел аралап, өздеріне жақын достар табуға, бос уақытын тиімді өткізуге де таптырмас құрал. Аталған іс-шара енді Жамбыл жерінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақшы.

    қатысты посттар

    Фариза

    Қызылорда облысында асыл тұқымды мал саны артып келеді

    Фариза

    Таразда «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.