-3.1 C
Алматы
Понедельник, 30 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Мамандықпен болашаққа!

    Бүгін ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу барысы мен дайындық жұмыстары, мектеп түлектерінің әлеуеті бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

    -Биыл облыс мектептерін тәмамдайтын 8490 түлектің 6669-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылдан бастап аймақ басшысы Д. Ахметовтың тапсырмасы бойынша «Білікті маман» жобасы табысты жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты — мектеп, колледж түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін азайту және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Ағымдағы жылы облыс әкімдігі өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарға барлығы 400 бюджеттік орын бөледі. Облыс әкімдігі тарапынан жыл сайын жоғары оқу орындарының студенттерін оқытуға үлкен қаражат бөлу қарастырылған. Бір студентке орта есеппен 1 жылға 800 мың теңге, ал оқудың барлық цикліне 4,0 млн.теңге жұмсалады. Жалпы 2017 жылдан бастап ағымдағы жылы бөлінген гранттарды ескере отырып, оқудың толық цикліне қаржыландыру 4,2 млрд.теңгені құрайды (1046 студентке). Бөлінген қаражат оқытушының еңбекақысын төлеу қорын, шәкіртақы мен студенттің жолақысын қамтиды, — деді Әсем Нүсіпова.
    Айта кетсек, соңғы жылдары мектеп түлектерінің өзге елдерге оқуға кетуі айтарлықтай төмендеді. Егер 2016 жылы облыс мектептерінің 1800 түлегі оқуға тыс жерлерге кетсе, 2017 жылы — 890, 2018 жылы 636 түлек шетелдік жоғары оқу орындарына кетті (бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 35,3% — ға қысқарды). 2019 жылға болжамға сәйкес ҚР-нан тыс жерлерге шығатын түлектер саны жоспармен 585 адамды құрайды. Сонымен қатар балалар үшін жоғары білімнің қолжетімділігі айтарлықтай өсті. Егер 2017 жылы ҰБТ тапсырған облыс мектеп түлектерінің 48% — ы білім гранттарын алса, 2018 жылы мектеп түлектерінің 56% — ы республикалық және жергілікті гранттарға ие болды. Өңірлік жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы артты (2017 жылы — 89,5%, 2018 жылы – 90,1%), оған жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының артуы себеп болды.

    қатысты посттар

    Меркідегі мерейлі жұмыстар

    Фариза

    Жемісті кәсіп — ел берекесі!

    Отбасын сақтау — елдіктің белгісі

    Пікір қалдыру

    12 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.