13 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Дүбірлі жекпе-жек: ШҚО-да қазақша күрестен Халықаралық гран-при өтті

    Бүгін ШҚО Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досханаұлы атындағы орталық стадионда мыңдаған адам жиналып, 30 мемлекеттен келген 90 балуанның бақ пен күш сынасуына куә болды.
    Айта кетсек, турнир жетінші рет өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында қатысушылар мен мемлекеттер саны артты. Ал биыл «Тұғыры биік Тарбағатай» өнер мен спорт фестивалі аясында өтуі ауқымдылығын кеңейтіп отыр.


    Халықаралық деңгейдегі төреші, өнер мен спорт фестивалін ұйымдастырушы комитеттің төрағасы Талғат Мәзібаевтың айтуы бойынша, қазақ күресі қыркүйек айында Корея елінде өтетін Әлемдік ойындардың тізіміне енді. Сондықтан турнирге шетелдік спортшылардың қатуы жақсы мүмкіндік.

    -Біз жыл сайын халықаралық спортшыларды ашық аспан астындағы турнирге шақырамыз. Еуропа елдерінде қазақ күресі танымалдылығының артуы қуантады. Алдағы уақытта қазақ күресін олимпиада ойындарына қосу мақсатымыз бар. Оның барлығы уақыт еншісінде. Биыл алғаш рет Италия, Румыния және Нидерландия мемлекеттерінің балуандары қатысуда,-деді бас төреші.
    Грекиялық команда өкілі Пекос Теодорас өзі бала кезінде аталмыш спорт түрімен айналысқанын айтты. — Біз осы турнирге неше мәрте қатысып келеміз. Жылдан жылға трибуналар жанкүйерлерге толып, шараның ауқымдылығының артқандығының куәсіміз.


    Күні бойы спортшылар үлкен додаға түсті. Барлық 90 спортшы өз елдерінің намысын жоғары шеберлікпен қорғап шықты.
    Нәтижесінде 70 келі салмақта қола жүлдеге Молдовия спортшысы Геордже Року, күміске қазақстандық Өскен Төлеубеков, ал алтын жүлдеге грузиялық Звиад Одошешвили ие болды.
    80 келі салмақта бірінші орынды Тәджікстан спортшысы Хамроз Раджабо, екінші орынды грузиялық Каха Момулашвили, үшінші орынды қазақстандық Бекзат Манасбаев иеленді.
    80-нен жоғары салмақта тартылыс қызу болды. Қазақтандық Айбек Нұғымаров пен өзбекстандық Мухсин Хисомудинов екі мықты балуан. Көрермендер үлкен әрі қызу жекпе-жекті тамашалады. Үлкен тартыс нәтижесінде Халықаралық Гран-Приді Айбек Нұғымаров жоғары абыроймен иеленді.
    Мухсин Хисомудинов екінші орынға, грузиялық Георджи Катарадзе үшінші орынға табан тіреді.
    Айбек Нұғымаров атап өткендей, жекпе-жек қызу болды.

    Шығыс Қазақстанға әлемнің 30 мемлекеті келуі үлкен көрсеткіш. Қазақ күресі танымал болып келеді. Бұл қуантарлық жайт,-деді чемпион. Марапаттан соң жеңімпаздар «Qazaq promotion» компаниясы ұсынған салтанатты әрі үлкен концерттік мерекені тамашалады.
    Ертең халықаралық 140 шақырымдық ат бәйгесі өтеді.

    қатысты посттар

    Шымкент: «Еңбек» бағдарламасымен 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Елтайдағы сел салдары жойылуда

    Фариза

    Шымкент мұнай өңдеу зауыты №2 қалалық ауруханаға қолдау көрсетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.