-9.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «Қазақ ешқашан сексенге келген ақсақалына «Шал, кет!» деп айқайлаған емес!» — Балғынбек Имаш

    Қоғамды дүрліктірген шеру жайында айтыскерлердің де өз айтары бар. Алтын домбыраның иесі атанған Балғынбек Имашев елдің билікке наразы болып, митинг жариялауы атышулы Әблязовтың саясаты деп пайымдайды. Бұл туралы ақын инстаграмдағы өз парақшасында жазба қалдырды, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Ernur.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Бұл ойды қостағандар көп болғанымен, Балғынбек Имашев дәл осылай ашық айтқандардың қатарынан табылды. Ол биліктің кемшіл тұстары мен халықпен байланысының алшақтығын мойындағанымен, болашаққа мүмкіндік беру керек деп біледі. Заманның өзгеруімен қатар заңның да өзгереріне сенеді. Ал, экс-шекеунік Әблязовты елге іріткі салмай, Елбасына тіл тигізбеуін талап етті.

    «Кім басқарып отыр сені, өміріне наразы бауырым? Әблязов Мұхтар. Ол кім еді? Билікте болған. Байыған, тонаған, қамалған. Түрмеде отырып: «Енді өмірімнің соңына дейін саясатпен айналыспаймын, кешіріңіз мені» деп Назарбаевқа жалынып, босап шыққан. Серттен тайған. Шетелде отырып бар ақшасын Назарбаев билігіне қарсы шашқан….

    …Мені мейлі Нұрбот де, жағымпаз де, жасық де. Бірақ, біз мұсылманбыз, қазақпыз! Қазақ ешқашан сексенге келген ақсақалына «Шал, кет!» деп айқайлаған емес! Бұл тексіздік! Ол шал тұңғыш Елбасы екенін, әлем құрметтейтін саясаткер екенін ұмытпаңыз! Сен кет демесең де кетті. Жақсы болса да, жаман болса да тарих өз бағасын береді. Сен алқаш болса да, ұры болса да, жаман болса да өз әкеңе, өз атаңа солай айтар ма едің? Ол ұлттың Әкесі! Ей, бүлікшіл, Әблязов! Елбасымнан тіліңді тарт! Тәуелсіздігімнен қолыңды тарт!»,- деп өзінің жан айқайын жазбамен жеткізді.

    Бірақ айтыскер ақынның оқырмандары бұған келіспейтінін жазуда. Бүгінге дейін жасаған әрекеті мен болған жайттарға есеп беруін сұрайды халық. Тиісінше, біреуді жақтауға көңілдері шайылып қалған көрінеді.

    «Балғынбек, сонша Аблязовты қаралап күнәсіне батып не болды. Аблязовсыз да халықтың сана-сезімі бар шығар. Кінәліні сырттан іздемей-ақ қояйық. Одан да кеше сайлау кезінде заң бұзып, өтірік дауыс берген мұғалімдер заң алдында жауапқа тартылды ма? Әлде бойкот жариялағандар ғана жазаланды ма? Міне, осы жерде әділдіктің не екені білінеді», «Әблязов тонады дейсіз, қазіргілер тонамай жатырма сонда, сосын мынаны айтшы кешегі сайлау калай өтті, әділ ма или xарам өтті ме? Соны айтшы, адами тұрғыда», «Баке қумаңызшы. Халық АБЛЯЗОВ үшін шығып жатқан жоқ. Ринатқа еріп шыққан халық жер дауы, қытай дауы бойынша шықты. Олар ашпыз деп немесе 3 мың доллар айлық сұрап жатқан жоқ. Олар сұрап жатқаны ұлттық мүдде», — деп пікір қалдырды оқырмандар.

    қатысты посттар

    «Қазақтың қанын мойыныма алғым келмейді…» қамаудағы Ринаттың xалыққа айтқаны (видео)

    Назарбаев та Атамбаевтың күйін кеше ме?

    Лондон соты Айсұлтан Назарбаевқа үкім шығарды

    Пікір қалдыру

    20 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.