-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шығысқазақстандық ерекше спортшылар Италияда өтетін ат спортынан халықаралық жарысқа дайындалуда

    «Ақ тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғайтын қоры 2010 жылдан бері иппотерапиямен емдеуді қолға алып отыр.
    Биыл 16 және 26 маусым аралығында шығысқащақстандық спортшылар Италияда өтетін халықаралық жарысқа қатысады. Ел намысын Елена Шишаева, Айғаным Ермекова, Ринат Бектурсынов, Райхан Байркановалар қорғайды. Дайындық барысымен облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, ШҚО спорт және денешынықтыру басқармасының жаңа басшысы Денис Рыпаков танысты. Олар спортшыларға сәттілік тілеп, жеңіс тіледі.

    — Бойларындағы қорқыныш мен ауруды жеңе білген жас спортшыларға үлкен бәсекеде жеңіс тілейміз,- деді Әсем Нүсіпова. — Ең бастысы қатысу. Осы турнирге қатысудың өзі үлкен жеңіс.
    Айта кетсек, Шығыс Қазақстанда ерекше баларға арналған ат спорты 2009 жылдан бастау алады. Үлкен табанды жұмыстың нәтижесінде «Ақ тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау қоры 2013 жылдың көктемінде көпшілік назарына иппотерапиямен сауықтырудың өз әдістемесін ұсынды. Сол жылдың наурызында алғашқы 80 бала өз емдерін бастады.

    — Иппотерапиямен емдеудің бастапқа кезеңінде жақсы нәтижелер байқалды. Әлемдік тәжірибеде иппотерапия 80 жылдан астам қолданғанымен нақты ұсыныс-әдістер көрсетілмеген.Осы бағытта Қазақстан бойынша алғашқымыз,- деді бас бапкер, «Ақ тай» қорының директоры Елена Черникова. Соңғы жылдары жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылып отыр. Бүгінгі таңда аи спортына 128 бала қатысуда. Күнделікті кешенге сауықтыруға 64 адам келеді, олардың 16-сы кәсіпқой спортшылар. Биыл спортшыларды халықаралық жарысқа дайындау мақсатында немістік асыл тұқымды тұлпар сатып алынды. Бұл спортшылар үшін үлкен сыйлық болды.

    қатысты посттар

    Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

    Фариза

    Жамбылда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеген мәселелер тиімді шешілуде

    Фариза

    Бердібек Сапарбаев вакцинациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.