Алматыда полиция және басқа да құқық қорғау органдарының бөлімшелері қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында деструктивті күштермен ұйымдастырылған санкцияланбаған акцияларға қатысқандарды анықтады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі NUR.KZ порталының дерегіне сүйеніп.
Атап өтілгендей, олардың тең жартысы басқа өңірлерден келген.
Құқық тәртібі мен жол қауіпсіздігін бұзған әрбір қатысушылының іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілді.
Бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Мен «Оян Қазақ» тобының әкімшісімін. Мен сол топқа көптеген адамдырарды шақырдым, көптеген жерге шақырдым, ұйымдастырдым. Оның бәрі заңсыз әрекет екен. Қазір оны дұрыс емес деп ойламын. Ойды басқаша да жеткізуге болады. Ешқандай топқа тіркелемей, ондайға ермеулеріңізді сұраймын. Ойыңызды басқаша жеткізіңіз. Митингке шығудың қажеті жоқ, — деп атап өтті Алматыдағы тәртіпсіздіктердің белсенді қатысушысы, азамат С. өз түсініктемесінде.
Өз кезегінде азамат Б. адамдарды, әсіресе, жастарды арандатушылыққа ермей, құқық бұзушылық әрекеттерге бармауға шақырды.
«Митингке шығып, быт-шытын шығару керек деп ашулықпен жазып жібергенмін. Заңсыз митингке шақырғанымды мойындаймын. Жастарды заңсыз митингке шақыратын топтарға кірмеуін сұраймын. Өйткені, заң бәріне бірдей», — деп атап өтті азамат Б.
Естеріңізге сала кетсек, 9-11 маусым аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы митингке қатысқаны үшін 700-ге жуық адам ұсталған.
Төле би көшесіндегі үлкен топ 11-не қараған түні алматылықтардың үрейін шақырған.
12 маусым күні Қазақстан азаматтары митингке шақыруларды елемеді.