-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    «Айтысты ұйымдастырушылар «Ринатты алып келме» деп отыр…» — Жүрсін Ерман

    Белгілі ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрғасы Жүрсін Ерман  айтыскер ақын Ринат Заитовтың қазір қай жақта жүргенінен хабарсыз екенін айтты, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz сайтының дерегіне cүйеніп.

    Жүрсін Ерманның айтуынша, Ринат Заитовты өзі де таппай отыр.

    «Ринаттың қайда екенін өзімде білмеймін. Хабарласа алмай жатырмыз. Өзінің туған жері Аягөзге кетіп қалды ғой деймін. Нақтысын білмеймін. 16 маусымда Тарбағатайда өтетін айтысқа қатысу керек болған. Бірақ соңғы болған жағдайларға байланысты тізімнен сызылды. Айтысты ұйымдастырушылар «Ринатты алып келме» деп отыр», — деді Жүрсін Ерман.

    Айтыскер ақын Ринат Заитов 10 маусымда кезектен тыс президент сайлауының нәтижесімен келіспейтінін айтып бір топ бақылаушылармен бірге Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдына жиналған. Ол халықтан сайлауда «Әміржан Қосановты қолдайық» деп айтқаны үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта партия құрғысы келетінін айта бастағанда полиция мен арнайы жасақ жиналғандарды жаппай ұстады. Ұсталғандардың арасында Заитовта болды.

    Бірақ біршама уақыттан кейін ақын Youtube желісіндегі арнасы арқылы өзін полиция босатқанын айтып видео таратты.

    500-ге жуық адам Заитовты «өз көзімізбен көрмесек, босатылғанына сенбейміз» деп Алматы полиция департаментінің алдына жиналды. Ринат Заитов жиналғандардың арасына өзі келіп, тарқауға шақырды.

    10 маусымнан бері Ринат Заитовты іздеген халық көп. Заитовтың өзі бірақ әлі үнсіз. Youtube арнасындағы барлық видеосын өшірген. 

    қатысты посттар

    Алматы облысында әйел өзінің шешесін өлтірген

    Фариза

    Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны артты (видео)

    Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.