24 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде көлік колледжі 90 жылдық мерейтойын атап өтті

    Семейде көлік колледжі 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Оқу орнын туған күнімен құттықтауға еліміздің түкпір түкпірінен түлектер мен қонақтар келді.

    Оқу орнының директоры Айбек Нұғымаров барлық қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті.

    — Колледж 1929 жылы ашылды, — деді А. Нұғымаров. — 90 жылдық тарихында оқу орны көп нәрсені бастан кешірді. Ең бастысы, осы жылдар ішінде колледж өзінің оқу базасы мен қалыптасқан дәстүрлерін сақтап қалды. Бүгін мерейтойға студенттер, оқытушылар және әр жылдардағы түлектер жиналды. Барлықтарыңызды осы маңызды күнмен құттықтағым келеді, туған колледжіміздің одан әрі өркендеуіне тілектеспін.

    Мереке драма театрда жалғасып, Семей қаласының әкімі коледжді 90 жылдығымен құттықтады. Ермак Сәлімов өз сөзінде оқу орнының болашағы зор екенін атап өтті.

    — Колледж базасында жеңіл және жүк көліктерін, сондай-ақ дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша орталық ашылады-деді Ермак Бидахметұлы. – Бұл орталық «World Skills»чемпионатына дайындық базасы болмақ. Семейде осындай 4 орталық ашу жоспарда бар.

    Өз сөзінде Е. Салимов биылғы жылы оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңартуға және колледждің жатақханасын күрделі жөндеуге 103 млн.теңге бөлінетінін атап өтті.

    Мерейтой үлкен мерекелік концертпен аяқталды.

    қатысты посттар

    Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының балалары компьютермен қамтылған

    Фариза

    Шымкенттік фармкомпаниялар тапсырыстарын 5 есеге арттырды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.