4 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Сайлауда жеңіске жеткен Тоқаев қазақ халқына мемлекеттік тілде ант берді

    Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде мемлекет басшысы лауазымына кірісті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп.

    Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президентті ұлықтау салтанаты басталды.

    Ұлықтау рәсімі өтетін залға Қазақстанның мемлекеттік туы мен президент байрағы, сондай-ақ, Конституция салтанатты жағдайда әкелінді.

    Ең алдымен, залға Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кірді. Жиналған қонақтар Елбасыны ду қол шапалақпен қарсы алды. Осыдан кейін «Елім менің» әні шырқалып, залға сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев кірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев оң қолын Конституцияға қойып:

    «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деп мемлекеттік тілде Қазақстан халқына ант берді.

    Содан кейін мемлекеттік туды сүйді. Ант берілгеннен кейін мемлекеттік әнұран орындалды. Әнұран орындалып жатқан уақытта сырттағы зеңбіректерден оқ атылды.

    Қазақстан президенті ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

    Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан президенті куәлігін табыс етті.

    Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев осымен екінші рет президент ретінде халыққа ант берді. Биыл 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқан соң, Конституцияға сәйкес сол кезде сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымын иеленді. Ал 9 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы болатынын жариялады.

    Кезектен тыс президент сайлауы

    Өткен жексенбі, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ел тарихындағы екінші президентті сайлауға дауыс берушілердің 77,5 проценті қатысты. Осы жолы саяси додаға жеті кандидат түсті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болды. Екінші орынға «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов, ал үшінші орынға «Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаты, жалғыз әйел үміткер Дания Еспаева жайғасты.

    Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.

    қатысты посттар

    «Ақжарқын Тұрлыбай амнистияға ілігуі мүмкін, я болмаса, мерзімінен бұрын шартты босату шарасы қолданылады.» Бас прокуратура түсініктеме берді

    Фариза

    Президент «қажетсіз» пәндерді алып тастауды өтінген 10 жасар баланың жазған хатын оқыды

    Фариза

    «Ерлан мырзаға сол жетіспейді» — Айгүл Орынбек Шымкент әкіміне қатысты ойын айтты

    Пікір қалдыру

    1 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.