-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «Қуаныш пен күлкіге уақыт жоқ…» — Қасым-Жомарт Тоқаев

    Қасым-Жомарт Тоқаев билік транзиті тақырыбын осымен жабу керек деп санайды

    Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билік транзитіне қатысты әңгімені тоқтату қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    «Мен өзім «транзит» деген сөзге қарсымын. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат бергенде «қазақша транзитті» сәл-пәл қағытып өттім. Транзит дегеніміз не? Сонда мен транзиттік жолаушымын ба? Әлде, жолсерікпін бе? Жоқ. Мен өзімді Қазақстан Республикасының толыққанды президенті деп санаймын. Мен жолсерік емеспін. Поезды да, ұшақты да ауыстырайын деп отырған жоқпын. Сондықтан «транзит» деген сөзді доғарайық. Сайлау өтті, президент сайланды», — деді Тоқаев Ақордада өткен баспасөз мәслихатында.

    Мемлекет басшысы дауыс берудің алдын ала нәтижесін естігенде қандай күйде болғанын да айтып берді.

    «Шынымды айтсам, қандай да бір сезімге берілген жоқпын. Біртүрлі салқын сабырлық болды. Неге екенін білмеймін. Бәлкім, ары қарай не істеу керек екенін ойлап жатқаннан кейін адам қатты сезімге берілмейді. Жұмыс кестесі өте тығыз. Қуаныш пен күлкіге уақыт жоқ десек те болады», — деп атап көрсетті Тоқаев.

    Оның айтуынша, ұлықтау рәсімі 12 маусымға жоспарланған. Алайда оған дейін орталық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жинақтап, ресми есепті жариялауы қажет.

    қатысты посттар

    «Көрмегенді көрсетеміз»: Путин қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын сұрады

    Фариза

    Ақысы төленетін 5 күндік демалыс беріледі: Министр қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

    Фариза

    Нұрқаділова: Әкем екеуміз кездесіп қалсақ, бір-бірімізді танымайтындай өте шығатынбыз

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.