-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шығыстан сақтардың қонысы табылды

    Сүйінші! Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Ақбауыр үңгірінің маңынан сақтардың тұңғыш қонысы табылды. Сенсациялық жаңалықты белгілі археолог Зейнолла Самашев жеткізді.  

    Бұл – ежелгі сақтардың қонысы. Мұндай ескерткіш Шығыс Қазақстан аумағынан тұңғыш рет табылып отыр. Өте құнды ескерткіш. Қытай, батыс Еуропа тарихшылары жазғандай, сақтар ұдайы көшіп жүрмеген. Оның айқын дәлелі – мына қоныс. Ескерткіш сақ халықтарына деген көзқарасты түбегейлі өзгертетініне сеніміміз мол. Өйткені соған дәйек болатын түпнұсқа материал табылып отыр. Бұл ескерткіш олардың тек малшылықпен ғана емес, отырықшы болғандығын, егіншілікпен де айналысқанын дәлелдейді, – деп түсіндірді Зейнолла Самашев.

    Археологтың сөзіне қарағанда, қазба орнынан дәнді дақыл ұнтақтайтын тас, дәлірек айтқанда тастан жасалған қол диірмен және басқа да көптеген заттар табылған. Бір қызығы бертінге дейін қолданылып жүрген біз білетін тас диірменнің пішіні дөңгелек болса, мынау төрт бұрышты екен. Сонымен қатар ол жерден сақтар мекендеген дөңгелек үйлердің орындары, құмыра сынықтары, тас қайрақтар, үй және жабайы жануарлардың сүйектері табылыпты. Тарихи мұрамызға қосылған құнды жәдігерлерді Зейнолла Самашев шамамен темір дәуірінің соңы мен ерте сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне жатқызып отыр.

    – Бұл – үлкен қоныс. Біз соның бестен бір бөлігін бастап қазып жатырмыз. Екі-үш күннен кейін «Елеке сазына» кететіндіктен мұндағы қазба жұмыстарын келесі жылы жалғастырамыз. Бұл қонысты асықпай, 6-7 жыл қазып, зерттеп-зерделеу қажет, – дейді Зейнолла Самашев.

    Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында бірнеше жылдан бері аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен археологияны дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Демек бұл ескерткіш те болашақта аталған бағдарлама аясында кешенді түрде зерттелетін болады.Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    ПРАЙМЕРИЗ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

    Фариза

    Маңғыстауда малы қырылған шаруалар үкіметке талап қойды

    Фариза

    Туған жер — тұнған шежіре!

    Пікір қалдыру

    17 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.