-3.1 C
Алматы
Понедельник, 29 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатОқиға

    «Бойкот», «Масқара» Алматыда полиция бірнеше адамды ұстап алып кетті (видео)

    9 маусымда Алматыдағы «Астана» алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Бұл туралы қазақстандық Holanews.kz және Vlast.kz сайты хабарлады.

    Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. 

    Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ «Бойкот», «Масқара» деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Vlast.kz сайты полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарлады. 

    Полиция алаңнан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Петр Троценконы да департаментке әкетті. Тілшінің қолында құжаттары және редакция тапсырмасы болған. Троценко оның алдында алаңда полицияның ондаған адамды ұстап жатқанын көрген. 

    Тілшімен автобуста отырғандар «Бойкот!» «Бостандық!» деп айғайлағаннан кейін полицияның қолдарын қайырып ұстағанын айтты.

    Полиция бір-екі сағаттан соң Азаттық тілшісі Петр Троценконы босатты. Алматы қалалық полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі оқиғаға байланысты әзірге түсініктеме бермеді.

    қатысты посттар

    «Халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?!» Белгілі дінтанушы Тазабековті сынның астына алды

    Фариза

    Шымкент әкімдігі Ғабидолла Әбдірахымовтың тұсындағы олқылықтарды атады

    Фариза

    66 жасқа толған Тоқаев жайлы қызықты деректер

    Пікір қалдыру

    four × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.