-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде ҰОС ардагерлері алғашқылардың бірі болып дауыс берді

    Ұлы Отан соғысының 93 жастағы ардагері Петр Коломин өз сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келді. Майдангердің айтуынша, 1937 жылы сайлауға алғаш рет қатысып, содан бері бірде-бір рет сайлауды өткізбеген. 
    — Мен үшін сайлау мереке сияқты, — деді Петр Михайлович. – Мен жастардың келіп өз кандидатына дауыс бергенін қалаймын. Бұл шараға бейжей қарамау керек.

    Айта кетерлік жайт, Петр Коломин өзінің сайлау учаскесіне жалғыз, сонымен қатар қоғамдық көлікте келді. 
    — Аялдама үйден 20 метр жерде. Автобусқа отырдым да өз сайлау учаскеме келдім. Сайлау мен үшін  маңызды оқиға, — деді ардагер.

    Петр Коломин Белоруссияны, Эстонияны, Литваны, Латвияны азат етуге қатысып, Кенигсбергке дейін жеткен. Майдангер көптеген марапаттарға ие. Олардың қатарында екі ҰОС Ордені бар.

    Семей қаласында жасы ғасырлық межеден асып кеткен 10 тұрғын бар. Олардың барлығы ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысады.

    қатысты посттар

    Қызылордада жылу беру жоспардан ерте басталды

    Фариза

    Шымкентте «малахит» платформасы іске қосылды

    Фариза

    Балық өндірісі өркендеп келеді

    Пікір қалдыру

    10 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.