-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Мен қытайлықпын…» — Қасым-Жомарт Тоқаев

    Қазақстан президенті міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев “Россия” телеарнасына берген сұхбатында өзінің біраз сырларымен бөлісті.

    Қазақстан президенті міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев “Россия” телеарнасына берген сұхбатында өзінің елді басқару стилімен бөлісті деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz порталының дерегіне сүйеніп.
     
    Тоқаевтың айтуынша, ол Елбасы бағытын негізге алады.  
     
    “Нұрсұлтан Әбішұлының қайталанбас стилін көшіру менің ойымда жоқ. Ол — біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы, бастамашы ретінде еуразиялық ұйымның көш басында болған. Сондықтан ең басында айтқанымдай, оның ел басқару бағытын негізге аламын. Ең алдымен, бізге түбегейлі күрт өзгерістің  керегі жоқ, бізге катаклизм керек емес”, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

    Ол сондай-ақ, алып мемлекет Кеңес Одағының ыдырауы туралы да айтты. 

    “Басшылар келіп: “Маған дейін не болды, ұмытыңдар! Барлығы нашар. Мен жаңа саясат бастаймын”, — деді. Бұдан қандай нәтиже шықты? Бұл қоғамдағы үлкен сілкіністердіен кейін Кеңес Одағы секілді алып мемлекетің ыдырауына алып келді. Мен айқайшыл адам емеспін… Жиналыстарды байсалды өткіземін. Күрделі мәселелер бойынша жиын 40 минутқа, ал жеңіл мәселелер 10-15 минутқа созылады. Мен қытайлықпын… Қытайды көп зерттегендіктен  сүйікті сөзім: “Барлық жұмсақ бүкіл қаттыны жеңеді”. Бұл ақиқат – танымал қытайлық философ Лао Цзыға тиесілі”, — деп Тоқаев сөзін аяқтады. 

    қатысты посттар

    Назарбаев: Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын

    Фариза

    Айдос Үкібай Елбасының қазіргі жағдайы туралы айтты

    Фариза

    Министр 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

    Пікір қалдыру

    one + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.