-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Мәселені айғаймен емес, сабырмен шешу керек…» — Сағынтаев

    Сағынтаевтың сөзінше, 4 маусымда Үкімет үйінде министрлер мен үкімет қызметкерлері баспана талап еткен аналармен кездесіп, мәселелерін талқылайды.

    Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев биліктен баспана сұраған аналардың талабының заңды-заңсыздығын қарастыратын мәлімдеді. Бұл туралы ол 3 маусымда Нұр-Сұлтанда Ақорда мен Үкімет үйінің маңына келіп наразылық білдірген аналарды қабылдаған кезде айтты деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

    Сағынтаевтың сөзінше, 4 маусымда Үкімет үйінде министрлер мен үкімет қызметкерлері баспана талап еткен аналармен кездесіп, мәселелерін талқылайды.

    — Мәселені айғаймен емес, сабырмен шешу керек. Ол үшін әр проблеманы талқылаймыз. Ол талап заңды ма, заңсыз ба, соны қараймыз. Шешімі табылатын мәселені «табылады» дейміз, шешімі табылмайтын мәселе болса, «табылмайды» деп айтамыз. Жалған уәде болмайды, — деді Сағынтаев.

    3 маусымда Нұр-Сұлтанда бір топ (нақты саны белгісіз) ана Ақорда мен Үкімет үйі маңына барып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Асқар Маминнің шығуын талап еткен. Наразы әйелдерге премьер-министрдің бірінші орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов шығып, сабырға шақырған. Бірақ биліктен баспана талап еткен аналар сол маңнан кетпей отырып алған. Кейін оларға Бақытжан Сағынтаев шығып, оларды Үкімет үйіне алып кіріп, шағымын тыңдады.

    қатысты посттар

    Президент коронавирустың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеуін тапсырды

    «Зайсанға арнайы жасақ келді» Қордайдағы қақтығыс ШҚО-да да орын алуы мүмкін бе?

    Фариза

    Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді? Президент қандай тапсырма берді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.