-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Анам 1 жасымда, әкем 12 жасымда қайтыс болды…» — Президенттікке үміткер Дания Еспаева балалық шағы туралы айтып берді

    Президенттікке үміткер Дания Еспаева қиын тағдыры мен мансаптық жолын айтты. Дания Еспаевамен Баян Алагөзова сұхбаттасты, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Дания Еспаеваның айтуынша, ол 1 жасында анасынан, 12 жасында әкесінен айырылған. Жетімдіктің зарын тартып, қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген. Ауылдан шыққан қыз соған қарамастан, мансабында сатылай өсіп, президентке үміткер деңгейіне жетіп отыр. 

    «1 жасымда анам қайтыс болған. 12 жасымда әкем қайтыс болды. Ақтөбе облысында шағын ауылда өмірге келдім. Мен туғанда әкем 61 жаста болған. Анам 47 жасында мені өмірге әкелген екен. Әкем зейнетақысымен 4 баланы асырады. Мен ең кенжесімін», — дейді Еспаева. 

    Президентке үміткер бала күнінде болған жайттың мәңгіге жадында сақталып қалғанын айтты.

    «1-сыныпқа барғанда ағамның пальтосын кию керек болдым. Себебі жағдайымз жақсы болған жоқ. Сонда балалар мені мазақ етіп, «кімнің пальтосын киіп алғансың?» деп күлді. Сол күні үйге жылап қайттым. Әпкем пальтоның сыртын барқыт матамен жауып тігіп берді. Ол бір ғана оқиға. Балалығым осылай өтті. Әкем 12 жасымда қайтыс болды. Сол кезде көрші орыс апа «сен енді тұл жетімсің» деген еді. Осындай жағдайды көзбен көре мен өзімді танытам деп мақсат қойдым. Мектепте жақсы оқыдым. КазҰУ-дың заң факультетіне құжат тапсырып, түспей қалдым. Кейін есеп жөніндегі техникумға бардым. Ол үшін өкінбеймін. Себебі, содан бастап қаржы саласында болдым. Қарапайым жұмысшыдан бастап, басшылыққа дейін сатылай өстім. Ақыры президенттке үміткер болдым», — дейді Дания Еспаева өмірбаянын қысқаша баяндай отырып. 

    Айта кетейік, елімізде 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшылығына 7 кандидат таласады.

    қатысты посттар

    «Өтірікші, халықты күштеп көндіріп, өз билігін өлгенше сақтап қалуға тырысумен өткендер шын жеңімпаздар емес» — Досым Сәтпаев

    Алматы мен Шымкентте белсенділер Дулат Ағаділдің өліміне байланысты түсініктеме сұрап ұсталғандарды босатуды талап етті

    Фариза

    Үкімет басшысы жаңа Қазақстан қалай болатынын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.