-2.1 C
Алматы
Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатҚоғам

    «Маған обал жасамаңдар…» — Әміржан Қосанов (видео)

    Кезектен тыс президент сайлауына тіркелген кандидаттардың бірі Әміржан Қосанов халықпен кезекті кездесуінде бойкот жариялаушыларға өтініш білдірді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz порталына сілтеме жасап.

    Үміткердің айтуынша, бойкот жариялаған қауым Қосановқа қиянат жасайды-мыс. Осылай деген үміткер әр дауыстың маңызды әрі санаулы екенін жеткізді.

    «Біз 9-маусым күні бірігуіміз керек. Өйткені, бұл сайлауға Назарбаев түспейді. Біз қазір бірікпесек, онда мүлде біріге алмаймыз», — деді Қосанов.

    Сондай-ақ, кандидат өзіне қарсы пікір айтып, бойкотты насихаттап жүргендерге ерекше тоқталып, өтінішін білдірді.

    «Азаматтар, мүмкін мені ұнатпайтын шығарсыздар, керек десеңіздер, мені көре алмайтын шығарсыздар. Бірақ менің дауысымды тартып алмаңдар. Олай маған обал жасамаңдар», — деп қадап айтты Қосанов.

    қатысты посттар

    Гаухар Әлімбекова үшін халықтан жиналған ақша қайда кетті?

    Білім министрі мұғалімдерге көше сыпыртқандар жайында пікір білдірді

    Фариза

    Полиция Алматыда құлап жатқан адамдарға қатысты түсінік берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.