21 C
Алматы
Понедельник, 28 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы өтті

    Семейде ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы өтті . Форум аясында ұйымдастырылған вело-мото-авто шеруге қатысқан 50-ден астам жас,  мемлекеттік туды қолға алып қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Авто шеру орталық алаңда мәресіне жетіп, жылдамдықты сүйетін жастар патриоттар форумына қатысты. Әскери оркестрдің дыбысымен орталық алаңға ҚР Мемлекеттік Туы қойылып, қатысушылар ел әнұранын шырқады.

    — Бұл мереке, еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу күні, — деді қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев. — Сіздерді осы күнмен құттықтаймын. Баршаңызға бейбітшілік пен амандық тілеймін, біздің көпұлтты еліміздің аспаны туымыздың түсіндей ашық болсын!

    Форум делегаттары қатарында ҚР Президентінің сайлауына алғаш рет қатысатын жастар мен даңқты спортшылар да болды. Олардың арасында «Әлем Барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров бар. Форум қатысушылары жақында «Қазақстан барысы» республикалық турниріне аттанатын жерлесімізге қолдау көрсетіп, алдағы жарыста жеңіс тіледі. «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы үлкен мерекелік концертпен аяқталды.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы Талас ауданында 146 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды

    Фариза

    Қызылордада 20 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ДОСТАСТЫҚ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.