-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қала әкімі «Қаражыра» АҚ басшылығымен көмір жеткізу бойынша меморандумға қол қойды

    Қала әкімі Ермак Сәлімов Қаражыра» АҚ бас директоры Марғұлан Макішевпен кездесіп, қалаға көмір жеткізу туралы меморандумға қол қойды.

    — Бұл меморандум біздің өзара қарым-қатынастарымыздың ережелерін белгілейді, — деді Ермак Бидахметұлы. – Біз ыстық су бере бастадық және қосымша жүктемені қажет ететін жаңа тұрғын үйлер пайда болды. Сондықтан меморандумға барлық шарттарымызды енгіздік. Бірінші, көмірдің нормативтік қоры қамтамасыз ету мәселесі. Екінші, біздің кәсіпорын барлық соманы төлей алмағандықтан, белгілі бір график бойынша төлем жасау.

    Е. Сәлімов қала тұрғындарын қара отынмен үш көмір қоймасы бар «Жігер» компаниясы қамтамасыз ететінін атап өтті.

    — Меморандумда біздің халыққа тұрмыстық көмір жеткізу мәселесі анықталды, — деді қала әкімі. — Өздеріңіз білесіздер, сұраныс жоғары болғандықтан бұл жағдай белгілі бір әлеуметтік шиеленісті тудырады. Біз бұл сұрақты реттедік. Қалалықтарға көмір жеткізумен айналысатын компания бар. Меморандум көмірді уақытында алу мәселелесін шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

    М. Мәкішевтің айтуынша, Семей көмірмен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Биыл 9 млн.тонна қатты отын өндіру жоспарланып отыр. Кәсіпорын көлемі ұлғайып, қосымша техника мен жабдықтар сатып алынған. Атап айтқанда, қуаты сағатына 1000 тонна көмір болатын жаңа ұсақтау –сұрыптау кешені іске қосылды.

    Кездесу соңында кәсіпорын мамандары қала тұрғындарына көмір сатып алуды күзгі кезеңге қалдырмауға кеңес берді.

    қатысты посттар

    Шымкентте оттегі өндіретін кәсіпорын жұма күні іске қосылады

    Фариза

    Жамбылцы отправили 33 тонны сена в Кызылординскую область

    Фариза

    Халықты жұмыспен қамту — өзекті мәселе

    Пікір қалдыру

    17 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.