-9.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде жыл басынан бастап абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 1200-ден аса тұлға жауапқа тартылды

    Семей қаласы полиция басқармасының басшысы Дулат Қазақпаев баспасөз мәслихатында жергілікті полиция қызметкерлері санитарлық жағдайды қолдау мақсатында ортақ пайдалану орындарын ластау, апатты қоқыс тастау орындарын құру фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    — Абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 1200 –ден астам артық тұлға жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 1 млн. 204 мың теңгені құрайды,- деді Д. Қазақпаев.-Осы жұмыс жеке тұрғын үйлерде, сондай-ақ заңды тұлғалармен сауда үйлерінің, дүкендердің иелерімен жүргізілді. Рейдтік шаралар барысында 5 мың 425 жеке тұрғын үй және 44 заңды нысан тексерілді.

    Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ( қоғамдық орындарда тұрмыстық қалдықтарды, темекі тұқылын, шекілдеуік қабығын тастау) 705 тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 457 тұлға қамауға алынып, 248 тұлғаға 3 млн. 131 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Сонымен қатар Д. Қазақпаев 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап тұрғындардан заңсыз сақталған қаруларды сатып алу бойынша республикалық акция жүргізілгенін жеткізді. Акция қорытындысы бойынша 24 азамат полицияға өтініш жазып, 44 бірлік тіркелмеген қару тапсырылып, оларға 2 млн. 471 мың 975 теңге төленді. Осы Акцияның басты мақсаты заңсыз айналымдағы қарулар санын азайту.

    қатысты посттар

    Жамбылда «Күзгі спорт апталығы – 2021» шарасы қорытындыланды

    Фариза

    Қордайда екі мектеп, бірнеше баспана ел игілігіне берілді

    Фариза

    Алакөлде республикалық веложарыс өтті

    Пікір қалдыру

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.