14 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Қиянатқа мен қалайша төзермін? Көне алмаймын алдау менен айдауға…” – Әміржан Қосанов (видео)

    ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосанов Facebook парақшасына сайлау туралы өлең жариялады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба? Сайлау сықылды таза саяси науқанды өлеңмен өрнектеп жіберейін!

    САЙЛАУАЛДЫ ӨЛЕҢ СӨЗ

    Мен де сіздей қарапайым қазақпын,
    Көне алмаймын тіл мен сөзді байлауға!
    Әділеттің, Шындық пенен Азаттың
    Туын ұстап мен түсемін сайлауға!

    Қиянатқа мен қалайша төзермін?
    Көне алмаймын алдау менен айдауға:
    Алаш Орда, Желтоқсан мен Өзеннің
    Рухы қолдап мен түсемін сайлауға!

    Қазағымды күтіп алғай жарқын күн,
    Жайылмасын жемқор жаға жайлауға!
    Билік сезсін бар екенін Халқымның –
    Сондықтан да мен түсемін сайлауға!

    Біле білсең, ел қалауы – киелі!
    Қалып қоймай адамзаттың көшінен –
    Бір адамға табынған бұл жүйені
    Парламенттік формаға мен көшірем!

    Жақсы өмір керек бүгін, тіріге!
    Жылы сөзбен жұбатамын шерліні!
    Табындырып «Халық» деген піріне
    Тәубасына келтіремін шендіні!

    Халқым, мені бас билікке өкіл ет!
    Сын сағатта танытарсың даналық!
    Отыз жылдай өзгермеді өкімет
    Қазағыма керек-ау бір жаңалық!

    Жеті адам таласты бір орынға
    Бұл күндері үмітпенен қауышты ел:
    Енді бәрі сайлаушының қолында –
    Алаш жұртым! Өз ұлыңа дауыс бер!

    Осы үндеуімді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарататын ағайынға алғысым шексіз болмақ!

    қатысты посттар

    Жоғары білімі жоқтар ауыл әкіміне сайлауға түсе алады

    Фариза

    Тоқаев Қордайдағы қырғын үшін Жамбыл облысындағы басшыларды қызметінен босатуды тапсырды

    Фариза

    “Кінәлілер жауапқа тартылады” Тоқаев Қордайдағы жаппай төбелестен қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.