-11.1 C
Алматы
Пятница, 24 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Қазақтар қысым көріп жатыр» деген ақпарат жалған — Қытай елшісі

    «Шыңжаңда қазақтар қысым көріп жатыр» деген жалған ақпарат» — деп мәлімдеді Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо.

    Елордада мамыр айының 28-і күні өткен қазақ-қытай қарым-қатынасына арналған жиыннан кейін Чжан Сяо журналистер сұрағына жауап берді. Онда ол Қытайдың Шыңжаң аймағындағы қазақтардың қысым көріп жатқандығы туралы ақпараттардың барлығы жалған екендігін айтты.

    «Ақпараттың барлығы жалған. Бұл ақпараттарды қайдан алдыңыздар? Шыңжаңдағы жағдай бірқалыпты. Шыңжаңдағы жағдай – терроризм және экстремизммен күрес әрекеттері» — деп мәлімдеді Сяо.

    Қытайдағы этникалық қазақтардың қысым көріп жатқандығы жөніндегі ақпараттар 2017 жылдан бері БАҚ беттерінде айтылып келеді. Осыған байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде баспасөз мәслихаты өтіп, арғы беттегі қазақтардың Қазақстандағы туыстары аталмыш мәселеге байланысты биліктен бірнеше мәрте көмек сұраған.

    Дереккөзі:Qazaqtimes.com

    қатысты посттар

    Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды

    Фариза

    Назарбаев та Атамбаевтың күйін кеше ме?

    «Үндемей құтылған дұрыс…» — Жиналыста ұйықтап отырған Косарев өзін сынағандарға жауап берді

    Пікір қалдыру

    14 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.