-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    19 жастағы бойжеткен қып-қызыл шикі ет сияқты терісіз бала туды

    Дәрігерлер әлі күнге дейін бұл сирек аурудың себебін анықтай алмай отыр. Бұл жайында Qazweek.kz порталы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап xабарлайды.

    Англияның Уорикшир графтығында дәрігерлер терісіз дүниеге келген нәрестені аман алып қалды.

    2018 жылдың 24 қарашасында 19 жастағы Джессика Кибблер тұңғышы Кайден Джейк Шаттокті жүктілігінің жетінші айында дүниеге әкелді. Жаңа туған шақалақтың салмағы небәрі 1,1 кг еді. Денесіндегі тері қабатының мөлшері екі процент қана болатын. Дәрігерлер жас ата-анаға баланың аман қалуы екіталай екенін ескертті.

    «Медбикелер алғаш рет бізге Кайденді көрсеткенде, қып-қызыл шикі ет сияқты болатын», — дейді Кибблер.

    Оның айтуынша, дәрігерлер баланың бетін бері қарату үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Бір жарым айда терісі біртіндеп өсе бастапты. Осы уақыт бойы сәби киімсіз, жалаңаш жатты: денесіне бірдеңе тиіп кетсе, қатты ауырсынып, жылай беретін.

    Ер бала туа бітті сепсис (қанның бұзылуы), некротикалық  энтероколит (ішек ауруы), герпес, бронхиолит  және тағы басқа дерттермен күресті. Мамыр айының басында кішкентай науқасқа ота жасапты: қарнындағы терісін алып, оң қолына салды. Кайденге кем дегенде әлі төрт ота жасау керек.

    Жүктілік кезінде бойжеткен гидронефрозом сырқатына шалдығып, босанардан үш ай бұрын қан кеткен екен. Іштегі нәрестені дәрігерлер жоспарлы түрде тексеріп отырса да, Кайденнің денсаулығынан ешқандай кінәрат таппапты. Олар әлі күнге дейін бұл сирек аурудың себебін анықтай алмай отыр. Сөйтіп, сәбидің медициналық тарихын шетелдік мамандарға зерттеуге берді.

    Қазір алты айлық Кайденнің денсаулығы жақсарып келеді. Салмағы 4,3 килограмм болды.

    қатысты посттар

    Қызылордада игерусіз жатқан жер телімдері мемлекетке қайтарылды

    Фариза

    Қызылордада орман алқабын қорғау мақсатында жол картасы әзірленді

    Фариза

    Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бекітілді — министр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.