-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Отбасыны жалға алу: Жалғыз жандарға арналған жаңа қызмет түрі

    Жапонияда жалғыз жандар ерекше қызметке көп жүгіне бастады. Әлемді таңғалдырудан жалықпайтын жапондықтар бақытты отбасының рөлі үшін бейтаныс адамдарға ақша төлеуге дайын, деп жазады Qazweek.kz порталы Stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

    Бірақ, бұл қызмет үшін айтарлықтай шашылуға тура келеді. Мәселен, өзіңді жақсы көретін отбасы мүшесінің бір адамын жалға  алу 200 доллар тұрады.

    Бірнеше жыл бұрын әйелінен айырылған Жапония тұрғыны Кадзусигэ Нисида үшін бұл «отбасы» әдісі жалғыз өмірінде жұбаныш болды. Оның екі қызы бар, бірақ олар ата-анасының үйін кетіп, әрқайсысы жеке өмір сүруде. Әкелеріне де сирек келеді. Сондықтан,  Кадзусигэ Нисида қызықты, бақытты кезді тағы бір рет бастан өткеру үшін отбасын жалдауға дайын.

    Компания өкілдері мұндай отбасын жалдау қызметі Жапонияда кеңінен танылып келеді дейді. Клиенттерден маза жоқ. Айына 250-ге жуық өтініш келіп түседі екен. Мұндай қызметтерді ұсынатын компания басшысы Юити Исиидің айтуынша, шетелдіктер үшін бұл қызмет едәуір оғаш көрінуі мүмкін, бірақ жапондықтар үшін өздерінің мәртебесіне сай болу және басқалардың пікірін тыңдау өте маңызды. Ал, қызметтің бұл түрі жалғызбасты жандарға өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінуге көмектеседі.

    қатысты посттар

    ҚР заңдары туралы деректер базасы

    Фариза

    Бекболат Тілеуханов Түркияда қазақтардың басын қосып, ауызашар берді

    Фариза

    Күршімнің жері Қытайға берілді ме?

    Пікір қалдыру

    18 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.