Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Тағы бір мешітте теракт болып, 26 адам қаза тапты

    Ауғанстан астанасы мен Пәкістанның Кветта қаласында екі жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

    Кветта мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс болды. Намазға 40-қа жуық адам жиналған. Қолдан жасалған жарылғыш зат мінбердің артына қойылыпты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердің терезелеріне дейін сынып кеткен.

    Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 25 адам көз жұмды.

    Әзірге Пәкістандағы бірде-бір террористік топ теракт үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

    Екінші жарылыс Кабул мешітінде болды. Салдарынан белгілі діни көшбасшы Мавлави Самиулла Райхан (Mawlawi Samiullah Raihan) қайтыс болды. 16 адам зардап шекті.

    қатысты посттар

    СЫР ӨНІМІ 12 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

    Фариза

    «Луговая» — Түрксіб, «Зыряновск» — Алтай болып өзгертілмек

    Вакцинадан кейін үндістандық сарбаздың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.