1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

    Қазақстан мен Ресейдің жастар форумы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтерлікті қолдау жылы деп жариялауды ұсынды

    Қазақстан жастары болашақта билікті қолға алу үшін дайын болуы тиіс, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның айтуынша, ел дамуында жастар шешуші рөл атқарады, деп хабарлайды Qazweek.kz порталы Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп.

    «Біз, аға буын өкілдері, елді басқару эстафетасын жастарға дайындауымыз қажет. Болашақта билікті сендерге, жастарға тапсырамыз. Осы ұлы мақсатқа дайын болыңдар», — деді ол Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан-Ресей форумында белсенді жастар алдында сөз сөйлеп тұрып.

    Қазақстанда ерікті көшбасшыларды жаппай дайындау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болуы тиіс, деп атап өтті Тоқаев. Оның айтуынша, елімізде еріктілерді әзірлейтін білім орталықтарын ашып, сауатты ақпараттық саясатты дамытып әрі қолданып, сондай-ақ әлеуметтік желілерде еріктілердің инфрақұрылымын құру керек.

    «Көптеген азаматтық бастама әлеуметтік желіде пайда болады. Азаматтар әлеуметтік маңызы бар идеялар мен жобаларды ұсынып жатады, біз соған мән беріп, барынша қолдау көрсетуіміз қажет. Қайырымдылық акцияларын дамытуымыз керек», — деп сөзін жалғастырды мемлекет басшысы.

    Тоқаев еріктілер қозғалысының көшбасшыларынан күрделі әлеуметтік мәселелерді үкіметпен бірлесе шешуді сұрады. Жастар сарайының мінберінен президент министрлер кабинеті мен облыс әкімдеріне еріктілер қозғалысына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

    «Арнайы жұмыспен қамту бағдарламаларын енгіземіз. Ең алдымен еңбек өтілі жоқ жастарды жұмыспен қамтимыз. «Дипломмен ауылға» және «Серпін» бағдарламалары аясында білікті жас мамандарға қолдау көрсетуді күшейтеміз. Мемлекет алдында тұрған ауқымды әлеуметтік мәселелерді бірте-бірте, бірақ нық сеніммен шешетін боламыз», — деп атап өтті Тоқаев.

    Президент мәлімдегендей, «қара ниетті, арам пиғылды» адамдар ерікті бола алмайды. Ерікті болу – шынайы патриотизмнің белгісі, себебі еріктілерді ел игілігі үшін қызмет етуге адамгершілік сезімі жетелейді, дейді Тоқаев.

    Қазақстан мен Ресейдің жастар форумы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтерлікті қолдау жылы деп жариялауды ұсынды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы екі елдің ең үздік жобаларына берілетін «Жыл волонтері» сыйлығын енгізу туралы ой тастады.

    қатысты посттар

    «Ринат өз үйінде болған…» — ІІМ мәлімдемесі

    «Қазір өкпе-ренішті қозғап, дауласатын уақыт емес», — Біртанов дәрігерлерге үндеу жасады

    Фариза

    Депутат: «Қазақстандықтар осындай «паразиттерді» білмей асырап отыр»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.