22.2 C
Алматы
Понедельник, 9 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бойжеткен селфи жасаймын деп қаза тапты

    19 жастағы Виктория Гринкевич Литва астанасы Вильнюстегі Еуропа мемлекеттік университетінің студенті. Беларусьте дүниеге келген бойжеткеннің денесі өзі тұрған студент қалашығындағы жатақхана маңынан табылды, деп жазады Алматы арнасы life.ru пориталының дерегіне сүйеніп.

    Куәгерлердің айтуынша, ол түнгі қаланың фонында жоғарыдан суретке түспек болған. Алдымен орындық алып, 10-қабаттағы балконның жиегіне отырған. Сол кезде бойжеткен тепе-теңдіктікті сақтай алмай, құлап кеткен.

    Жедел жәрдем дәрігерлері студентті аман алып қалу үшін жарты сағат күрескен. Алайда марқұм ауруханаға жетпей көз жұмды.

    Викторияның өлімін Беларусь Республикасының СІМ растады. Ал Вильнюс полицейлері оқиға болған жерде тексеру жүргізіп, студенттерден түсінік алып жатыр.

    қатысты посттар

    Депутаттар оқушыларды мектепке қайтаруды талап етіп жатыр

    Фариза

    Қызылордада тұрмысы төмен отбасыларына көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы орнатылады

    Фариза

    СЫР ӨНІМІ 12 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.