-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Нұр-Сұлтанда 13 жастағы қыз жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырған

    Биыл елордада 50 адам ВИЧ жұқтырған. Оның 4-уі қария. Бұл туралы СПИД-ке қарсы күрес орталығының мамандары айтты. Олардың сөзінше, қарттар қауіпті вирусты жыныстық қатынас арқылы жұқтырыпты6 деп хабарлайды Qazweek.kz порталы Еуразия арнасына сілтеме жасап.

    Төртеуі де жетпісті алқымдаған жандар екен. Алайда екеуі бойдақ көрінеді. Сондай-ақ, осы елудің ішінде 4 шетелдік азамат, 3 бала бар. Дәрігерлердің пікірінше, бүгінде қатерлі дертке шалдығатын ерлердің қатары өскен.

    Елімізде ВИЧ-жұқтыратын ерлердің қатары артыпты. Тіпті, уақыт өте келе аурудың азуына жас буын ғана емес, қариялар да іліне бастапты. Мұны дәрігерлер растап отыр.

    «Осы жылы 60-тан асқан 4 қариядан адамның иммунитет тапшылығы вирусы табылды. Қарттардың барлығы зейнет жасында. Бұрындары ВИЧ көбінесе 20-39 жас аралығындағы жастардан анықталатын болса, биыл бұл қатарда егде ер азаматтар да бар. Біз арнайы зерттеулер жүргіздік. Нәтижесінде 4 қарияның вирусты гетеросексуалдық жолмен жұқтырғандары белгілі болды», — дейді ЖИТС-тің алдыналу және оған қарсы күре орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгеушісі Інжу Аймағамбетова.

    30 жылдық тәжірибесі бар Інжу Аймағамбетованың сөзінше, ВИЧ-тің 80 пайызы жыныстық қатынас арқылы жұққан. Бас қалада осы жылы СПИД-ке шалдыққандардың ішінде 13 жастағы қыз бала мен 1 жасқа толмаған 2 сәби де бар. Бүлдіршіндерге ауру анасы арқылы берілсе, жасөспірімге дерт жыныстық жолмен жұғыпты. Алайда, «кімнен, қалай екені белгісіз» дейді.

    Ал, мына өлең жолдарын оқыған оқушы 2006 жылы мамандардың салғырттығынан ВИЧ жұқтырған еді. Естеріңізге салсам, осыдан 13 жыл бұрын Шымкенттік дәрігерлер бір инемен 20-25 балаға екпе салып, 220 бүлдіршін СПИД-ке шалдыққан болатын. Нәтижесінде оңтүстіктегі медицина мамандарының былықтары ашылып, 22 дәрігер бас бостандығынан айрылғаны есте. Бүгінде бұл балалар жасөспірімге айналғанымен, өмір бойы препараттарға байланып отыр.

    «Ағза ол 2-3 жыл ішкен кезде бір жалығатын кездер болмаса бір проблема болған кезде жалығып кетесің ішпей-ақ қояйыншы деп. Бірақ арманыңа жетуің үшін ішуің керексің. Тырысуың керексің», — деді Шымкент қаласының тұрғыны.

    Айықпас ауруы туралы 4 жыл бұрын естіген мына жасөспірім де қазір 10-сыныпта оқиды.

    «Болашақта бизнесмен болып, дені сау ұрпақ сүюді армандаймын. Қанша қиын болса да, бәріне төзіммен қараудан басқа амалым жоқ» дейді.

    «Осыдан бір жыл алдын мен жаөспірімдік кезеңде болғандықтан сәл-пәл денсаулығымда ауытқу болды. Қазір бәрі жақсы. Мен даже өзімнің диагнозымды ұмытып кетемін», — дейді тұрғын.

    Ал, 2006 жылы дәрігер қолынан СПИД-жұқтырған баланың анасының айтуынша, перзентінің дәрі-дәрмектен ағзасы шаршап, күйзеліске түсетін кездері жиі болады екен. Сондықтан бұндай науқастарға тек дәрігердің ғана емес, психологтың да көмегі ауадай қажет. Өйткені дерт туралы айтып берудің өзі үлкен машақат дейді.

    «Қалай түсіндірдіңіз? Ол айтқан кезде неше жаста болды балаңыз?»

    «Айтқан кезде баламыз 5-6 жасар еді. Өйткені екі жастан бастап дәрі ішу бастады. Сол кезде сұрақ қойған: «мама, бұл не дәрі? Не үшін ішіп жатырмын деп. Осындай сенің қаныңда инфекция бар деп, қаныңда мынандай микроб бар деп микробтың не екенін түсіндірдім», — тұрғын Әлия Сағдатқызы.

    Осындай науқастарды күнде көретін Жанетта Жазықбаева балаға диагнозын ашып айтудан қорықпау керек дейді. Тіпті, 6-9 жас аралығында жасөспірімнің құлағын үйретіп, дәрі-дәрмекті қабылдауға дағдыландыра беру қажет. Себебі ВИЧ-инфекциясы бар адам да ел қатарлы бақытты өмір сүруге құқылы деген ойда.

    Мамандардың сөзінше, әлемде жылына 250 мың адам СПИД-ке шалдығады. Егер осылай жалғаса берсе, 2030 жылға қарай жаһанда шамамен 3,5 миллион ауру бала дүниеге келмек. Ал, бүгінде Қазақстанда бұл дертке шалдыққан 18 мың адам бар. Оның 530-ы бала. Шымкент пен Түркістан облысының өзінде ғана 255 жасөспірім осы дертпен тіркеуде тұр екен. Сондай-ақ, балалардың СПИД-ке шалдығуынан Алматы, Алматы облысы, Қарағанды, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр

    қатысты посттар

    «Ресми өкіл ретінде айтамын, вирус жоқ, бәрі ойдан шығарылған. Сенбеңіздер!» — Диас Ахметшәріп

    Фариза

    Вакцина салдырту үшін халықты қымбат сыйлықпен алдаудың не қажеті бар?

    Фариза

    Шымкентте «Халқымыз біздің-байлығымыз» атты акция өтуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.