-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Қосановты дебатқа шақырамын…» — Тұрғымбай (видео)

    ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосановты «Еркін қазақ» қозғалысының басшысы Ержан Тұрғымбай дебатқа шақырды, деп жазады Qazweek.kz порталы Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

    Бұл туралы өзін «Еркін қазақ» қозғалысының басшысымын деп таныстырған Ержан Тұрғымбайдың өзі 19 мамырда Facebook парақшасында жарялаған видеосында айтты. Ержан Тұрғымбай алдымен ол видеоны өзінің Ютуб арнасына жүктеген. Ол аталмыш бейне жазбада Қазақстанда өтетін сайлау туралы айта келіп, оған қатысып жатқан жеті кандидаттың алтауын «биліктің қолдан жасаған қуыршағына» теңеген.

    Сонымен қатар, Ержан Тұрғымбай кандидаттардың арасынан «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған Әміржан Қосановқа тоқтала келе, оны ашық пікір алмасуға шақырып отыр. Видеода Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі билік жүйесінің нақты мүшесі екенін айтып өткен Ержан Тұрғымбай ҚР президентіне кандитат Әміржан Қосановтан өзінің позициясын айқындап беруді сұраған.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтпек. Оған үміткерлікке жеті кандидат тіркеліп, қазіргі уақытта сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Ержан Тұрғымбай дебатқа шақырған Әміржан Қосанов бұған дейін әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир жасап, өзіне көп қойлып жүрген сұрақтарға жауап берген. Сол кезде ол алдағы уақытта ОСК ұйымдастыратын дебатта ҚР президентіне кадидат алты (өзін қосқанда жеті) үміткердің кез келгенімен дебат жасауға  дайын екенін айтқан болатын.

    қатысты посттар

    Елбасының өкілеттігін одан әрі қысқарту мәселесі күн тәртібінде жоқ – Мусин

    Фариза

    Полиция қызметкері қандай жағдайда адамға оқ ата алады?

    Фариза

    Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын коронавирустың таралуына байланысты жауып тастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.