24 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

    Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz.

    Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға Есік қаласының кіреберісінде орын алған. Ер адам жол жиегінде тұрып, жолай өтіп жатқан көліктердің бірін тоқтатпақ болған

    Бұл сәтте жолда Mitsubishi RVR көлігі көрінген. Оның тізгініндегі ер адам жұмысынан қайтып келе жатқан. Кейінірек көлік жүргізушісінің өзі түнгі уақытта мектепте күзетші болып жұмыс істейтінін айтты.

    Үйіне қарай бет алған азамат рөлде ұйықтап кетіп, көлік тоқтатып тұрған жігітті қағып кеткен.

    Көліктің соққысынан жаяу жүргінші жолдың шетіне қарай ұшып, қатты соққыдан оның басы жұлынып кеткен.

    Марқұмның әйелі жол апатына куә болған.

    Көлік жүргізушісінің сегіз баласы мен аяғы ауыр әйелі бар.

    қатысты посттар

    Ауғанстанда бей-берекет атылған оқтан қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны 70-тен асты

    Фариза

    “2 адам зардап шекті” Маңғыстау облысында ірі жарылыс орын алды

    Фариза

    Алматы мен Нұр-Сұлтан коронавируспен күресіп жатқанда, Қызылорданың тас талқаны шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.