Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Абай болыңыздар! Шетелден әкелінетін кептірілген құрмалардың қауіпті екені анықталды

    Құрмалардың 4 пайызынан адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталған.

    Рамазан айы басталысымен құрма саудасы қыза түсетіні белгілі. Тіпті, бұған дейін 300-400 теңгеге саудаланған жұмақ жемістің құны әп-сәтте шарықтаған. Мәселен, шетелден келгені кемі 5000 теңгеден саудалануда, деп жазады Qazweek.kz порталв stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    «Негізі сапасына қарайды. Бағалары әр түрлі. Мысалы, ең арзаны 100-150 теңге, ал шетелден келгендері 3500-5000 теңге», — дейді сатушы Нұрымбет Әшірбаев.

    Қала тұрғындары да құрма бағасының шарықтап кеткенін растап отыр. Бұған дейін 400-500 теңгеге сатылған жидек қазір қымбаттаған.

    Одан бөлек, соңғы 4 айдың ішінде құрмадан ішек таяқшалары табылған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді. Мәселен, соңғы тексеру нәтижесінде сауда орындарынан алынған құрмалардың 4 пайызынан адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталыпты.

    «Тексеріс нәтижелері бойынша, 18 пайызы талаптарға сай болмай шықты. Сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөлігі импорттық өнімдерге тиесілі. Талаптардың бұзушылықтары, кеден одағының заң бұзушылықтарының 85 пайызы анықталса, 4 пайызында қауіпсіздік көрсеткіштері, ішек таяқшаларын анықтаушылықтар болды», — дейді қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.

    Осылайша, мамандар құрманың сыртқы қорабын мұқият қарау керектігін айтады. Егер де оның шыққан күні, қолдану мерзімі жазылмаса, мұндай өнімнен бас тартқан дұрыс, дейді. Сонымен қатар, өзге елден импортталғандар көбіне санитарлық талаптарға сай келмейді екен.

    Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген мониторинг нәтижесінде кінәлі тұлғаларға 27 миллион астам айыппұл салынған. Одан бөлек, сауда орындарынан талаптарға сәйкес келмейтін 4,5 мың тонна қауіпті тағам өнімдері, оның ішінде 9 келі құрма тәркіленген.

    Ескерту! 
    ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.

    қатысты посттар

    Коронавирус тіркелмеген Қазақстанда маска да жоқ, бюджеттен бөлінген 2 млрд та жоқ

    Алматыда дәрігерлер жүкті келіншектің жатырын рұқсатсыз алып тастаған

    Фариза

    «Салмағы 810 грамм болыпты…» — тоңазытқышта шетінеген нәрестенің туысы мән-жайды айтты

    Пікір қалдыру

    twenty − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.