29.4 C
Алматы
Суббота, 7 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Ифтар» емес ауызашар дегеннің не ыңғайсыздығы бар?

    Белгілі журналист Мәди Манатбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ауызашарды «ифтар» дейтіндерге қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Qazweek.kz порталы.

    Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

    «Қанша қазаққа, қанша қазақы азаматқа, аузының дуасы бар деген қанша танымал тұлғаға «ифтар» емес «ауызашар», «ауызашар», «ауызашар» деп талмай айтып келеміз. Сонда да қоймай ифтар дейді. Ауызашар туралы көлемді мақала жазып, бір сөзді қайталай бермес үшін қолданса бір сәрі. Бізге ауызашарға келіңіз, бірге отырып ауыз ашайық,- дегеннің не ыңғайсыздығы бар?! Әлде қазақтың сөзі боғауыз боп естілетіндей, жиіркенетіндей жағдайға жетті ме? Қазір дәмханаларға барсаң да ифтар мәзірі деп тұрады. Бұны кім қадағалайды өзі? Имамдардан, тіл комитеті мен тіл басқармаларынан өтінсек бола ма екен? Ағайындар, азаматтар, біздің тым еліктегіш халық екенімізді, өзімізден өзгенің сөзін қадірлейтінімізді ескерсеңіздер, қазақты аясаңыздар деген өтінішім бар. Құдай үшін, ифтар емес АУЫЗАШАР деп айтайықшы», — деп жазады ол.

    қатысты посттар

    «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi» мекемесiне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    Фариза

    ОБЛЫС ӘКІМІ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА БОЛДЫ

    Фариза

    «СУСЫН» ҮШІН СОТТАЛЫП КЕТЕ ЖАЗДАҒАНБЫЗ немесе ана тіліміздің дамуына кедергі кімдер?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.