-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Анама айттым, ал әжеме қалай айтарымды білмеймін…» — Қазақстандық транс қыз

    Танымал британиялық The Calvert журналының фотографы Ира Лупу қазақстандық жастармен сұхбаттасып, олардан Қазақстаннан неге көшкісі келетіні туралы сұраған. Александр есімді қазақстандық транс қыз оған алдағы уақытта Бішкекте жынысын ауыстыру операциясын жасатуды жоспарлап жүргенін айтқан, деп хабарлайды Qazweek.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

    Фотограф Ира Лупу Жанельмен сауық кешінде кездескен. Екінші кездесуінде Жанель Лупуды өзін жайлы сезінетін Бәйтерек маңайына шақырған. 

    «Ата-анамыз бізді жұдырығымен басқарады. Бұл жерде бәрінің ата-анасымен мәселесі бар. Жас болған сайын өзіңді басқаша сезінесің. Олар «шынайы» және діншіл. Ал біз «адасқан ұрпақпыз». Этникалық қазақтарда осындай масқара бар. 

    «Лайықты адамдар өзін олай ұстамайды» дегенді көп естисіз. Мұндай сөздер менің татуировка жасауыма, әдепсіз өмір салтын ұстануыма түрткі болды. Музыка шығаруды армандаймын. Ол маған әрдайым шабыт беретін музыкаға қайда жүрсем де көңіл бөлемін. Бір ғана жанрға байланып қалмаймын. Егер оны сезсем, жақсы көремін. Тағы бір арманым ол – сіңісіп кететін үй, орын табу.  Әліге дейін бұл жер менің орным емес секілді сезім бар», — дейді ол. 

    Ал Александра гармон терапиясынан өтіп жүрген Қазақстандағы сирек транс қыз. Фотограф оны алғаш көргенде басқа жынысқа көше бастаған.  Александра оның ресми аты емес және жақын арада төлқұжатындағы атауын өзгертуді қалайды. Қазір ол қазақ қоғамына сай болуы үшін «унисекс» киімдер киіп жүреді.  

    Оның бастығы инстаграмын көргенде кеңседегі жұмыстан қуған. Көшеде оның келбетіне қарап жұдырық жұмсағандар да болған. Қаржылық қиындықтары болса да, төлқұжатын өзгертуге қатысты қағазбастылықтан құтылу үшін келесі жазда Алматыға көшкісі келеді. Егер бәрі жақсы болса, Бішкекте жынысын ауыстыру оперциясын жасап, елден кетуді қалайды. 

    «Қазіргі таңда гармон терапия жақсы жүріп жатқан жоқ. Менің мақсатым ол тұрақты және қаржылай тәуелсіз болу. Бос уақыт? Менде бос уақыт жоқ. Әр минутымды қаржылай тәуелсіз болу үшін фотография, графикалық дизайн үйренуге бөлемін.

    Сенбі сайын Kazakhstan Fashion Week аптасында биік өкшемен подиумға шығатын ер адамдардың модельдік мектебіне барамын. Олар қазір қиын жағдайда және жабылуы мүмкін дегенді естіп ынжырғам түсті. Болашақта бұдан да сенімді боламын деп ойлаймын. Бірақ қазір екі түрлі өмір сүруім керек.  Бұл тым қиын. Тіпті жақын достарымның арасында да екіжүзді сезінемін. Бұл туралы анама айттым, бірақ әжеме қалай айтарымды білмеймін», — дейді ол. 

    қатысты посттар

    Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек жетті

    Фариза

    Алматыда блок-бекеттер орнатылғалы жатыр ма? Қала әкімі жауап берді

    Фариза

    «Дабылдың «қызыл» деңгейін жариялады». Қытайда супертайфун орын алды (видео)

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.