-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Тағдыр дегеніміз не? Оны қалай түсінген дұрыс?

    Ислам дініндегі ең күрделі тақырыптардың бірі – тағдыр. Тағдырға илану – иман шарттарының бірі. Кейбір кісілер өздері жасап жүрген күнәлі істері мен қылмыстарын тағдырға жауып ақталғысы келеді. Шынында, осы дұрыс па? Тағдыр дегеніміз не? Оны қалай түсінген мақұл? 

     Негізінде, тағдыр деп бір нәрсені белгілі бір өлшемге, мөлшерге қарай реттеуді, арнайы есеппен жүйелеуді, жобалауды айтамыз. Қасиетті Құранда: «Еш күмәнсіз, Біз барлық нәрсені арнайы есеппен жараттық…»1, «…Барлық нәрсені жаратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді»2, — деген аяттар келтірілген. 

     Ұлы Жаратушының әрбір жаратылысқа лайық етіп қойған заңдары, арнайы тағдыры бар. 

     Сонымен, тағдыр ұғымына келейік. Біріншіден, Алла Тағала ешбір пендеге зорлап жақсылық немесе жамандық жасатпайды. Әр пендеге таңдау еркі берілген. Әр адамға қасиетті Құран арқылы, пайғамбарлар арқылы дұрыс жол мен бұрыс жол көрсетілген. Бірақ оның қайсысын таңдау кісінің еркіне берілген нәрсе. Дұрысын таңдаса, Алланың разылығына бөленіп, түбінде жұмаққа кіреді. Бұрысын таңдаса, Алланың қарғысына ұшырап, түбінде тозақ отына түседі. Мәселе, соған сену немесе сенбеуде ғана. 

     Екіншіден, тағдыр деп уақыт пен кеңістік ұғымдарынан пәк Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін айтамыз. 

     Адамға байланысты тағдыр 

     Адам баласы басқа жаратылыстардан өзіндік ақыл-ойымен, айрықша ерік-қалауымен ерекше, ардақты етіп жаратылғандықтан Оның тағдыры да өзгеше. 

    Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар: 

     Адамның еркінен тыс жағы. Бір кісінің ер немесе әйел болып жаратылуы, бойының ұзын немесе қысқа болуы, ақсары немесе бидай өңді болуы – бәрі де адамның еркіне бағынбайтын жағдайлар. Ешбір адам өз қалауымен ер немесе әйел болып жаратыла алмайды. Міне, осыны адамның еркінен тыс тағдыры дейміз. Адам баласы қалауынан тыс бұл істерден ақыретте сұраққа тартылмайды. Бірақ бұл тағдырдың жанында да адамның ерік-қалауы бар екенін ұмытпаған жөн. Мысалы, бір адамның ата-анасынан айырылып, жетімдік көруі еркінен тыс тағдыр. Алайда соған сабыр етіп, қиындықтарға мойымай адамдығын, арын таза ұстап, сынақты жіберген Ұлы Жаратушысына бас иіп, имеуі – өз еркінде. Ол жетім қалғандығы үшін сұраққа тартылмағанымен, өзінің қалауы мен еркі арқылы іске асатын басқа істерінен сұралады. 

    Адамның қалауына байланысты жағы. Ешбір адам күнә немесе сауапты іс жасауға мәжбүр емес. Өйткені адамда таңдау еркі бар. Мысалы, таң ертең ерте ояну немесе ұйықтап жата беру өз еркімізде. Оянған соң дәрет алып, намаз оқу да өз ықтиярымызға берілген шаруа. Қалаған кісі оқиды, қаламаған адам оқымайды. Сол секілді Аллаға иман келтіріп мұсылман болу да, болмау да әр кісінің жеке еркіндегі шаруасы. Алайда ұлы Алла Тағала бүкіл адам баласына тура жол мен одан адастыратын қисық жолдарды анық та, айқын көрсетіп берген. Тура жолмен жүргеннің ақыры мен адасқанның ақыры не боларын да ашық етіп баян еткен. 

     Алла Тағала Құранда былай деп пәрмен етеді: «Оған (адамға) жақсылық және жамандық жолдарын көрсетпедік пе?» «Кім жақсылық істесе пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық істесе оның зияны да өзіне. Раббың құлдарына ешқашан қиянат жасамайды»3. 

     Құрметті бауырлар! 

    Өз тағдырыңызды жақсарту өз қолыңызда! Иманды өмірді таңдап, Алланың ақ жолымен жүрсек, екі дүниеде бақытты болатынымыз анық. Тағдырды сылтау етіп, тура жолдан таймайық, ағайын! 

    1 — «Қамар» сүресі, 49-аят. 

    2 — «Фурқан» сүресі, 2-аят. 

    3 — «Фуссилат» сүресі, 46-аят

    Вконтакте желісіндегі «Жәннатқа асығыңдар» парақшасынан алынды

    қатысты посттар

    Қайрат Құдайберген адамдарды «Дикий Арманның» төңірегіне топтасуға шақырған – прокуратура

    Фариза

    Қызылордада ХҚО мамандары 490 азаматты құжаттандырды

    Фариза

    Қызылорда облысында құжаттарды архивтерге өткізу электронды түрде жүзеге асады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.