Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізілуіне байланысты ресми емес жұмыс істейтін санаттағы азаматтарды формализациялау мәселелері көлеңкеде қалып отыр.
Дегенмен, облыстық және аудандық әкімдіктер осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде.
ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ақпараты бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына облыстың мемлекеттік органдарының деректер базасында 187 мың адамның әлеуметтік мәртебесі туралы ақпаратты жаңарту қажет болды.
2019 жылғы 12 мамырдағы жағдайға сәйкес 135 мың адамның мәртебесі өзекті болды. Олар:
— 69 921 жұмыс берушілер зейнетақы жарналарын аудара бастаған жалдамалы қызметкерлер;
— 25 498 үй шаруасындағы әйелдер, жүкті және 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдер;
— 1 602 адамға жұмыссыз мәртебесі берілді;
— 635 кәсіпкер мемлекеттік кіріс департаментінде есепке тұрды;
— 37290 адамдар оралмандар, әскери қызметшілер, оқушылар, студенттер мәртебесі бойынша анықталды.
Бірыңғай жиынтық төлемді (БАЖ) төлеу арқылы 3 817 азамат өзектендірілді.
Биылғы жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жариялануына байланысты өңірде 16-29 жас аралығындағы азаматтарды өзектендіру бойынша жеке Жол картасы әзірленді.
Бүгінгі таңда 28 273 жас адамның мәртебесі анықталды.
Қалалар мен аудандар әкімдері өзектендіру бойынша жоспарды 72% орындады. Ең жоғары көрсеткіш — 90% астам — Күршім ауданында байқалады. Жақсы көрсеткіштер (80% астам) — Абай, Аягөз, Глубокое, Көкпекті, Үржар, Тарбағатай және Ұлан аудандарында, Риддер қаласына тиесілі.
59-дан 65%-ға дейінгі көрсеткіштер Өскемен (12 976 адамды өзектендіру қажет) және Семей қалаларында (19 192 адамды өзектендіру қажет. Алтай ауданы бойынша 2 916 адамды анықтау қажет.
Сонымен қатар, ресми емес жұмыс істейтін шығысқазақстандықтарды формализациялау бойынша жұмыс барысында жыл басынан бері 2722 азаматқа 3 мыңнан астам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары көрсетілді. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 1 113 адам жұмысқа орналастырылды, 379 жұмыс мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтуде.
Сондай-ақ, 332 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, 352 адам «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша оқытылды, 1000 астам адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 71 жас маман жастар іс-тәжірибесінен өтті.
Облыс бойынша бүгінгі таңда 52 мың адам мәртебесін өзектендіру қажет. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген мерзімде, яғни 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы және қалалар мен аудандар әкімдіктері қалған бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың деректерін жаңартуды толық аяқтау қажет.