-4.1 C
Алматы
Суббота, 21 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Медиа

    2 жасар қыз бірнеше күн бойы мәйіттердің қасында өмір сүрген (фото, видео)

    2 мамыр күні пәтерде айқай-шу болып, артынша шу басылып қалан, кейіннен кішкентай қыздың анасы бірнеше уақыт бойы туыстарымен байланысқа шықпағаны белгілі болды. Кішкентай қыздың әжесі уайымдап, полицияға хабарласқан. Пәтердің ішіне кірген полиция ондағы сұмдық жайтты көріп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл жайында anews.com сайты хабарлады.

    Киев қаласында полиция екі жасар қыздың бірнеше күн бойы мәйіттердің қасында өмір сүргенін анықтады. Павл Тычин даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінен қыздың әжесі хабарласып, полиция шақырған. Пәтердің жанына келгенде жағымсыз иісті сезген полиция қызметкерлері пәтердің есігін бұзып кіруге шешім қабылдаған.

    Құқық қорғаушылар пәтерге кіргеннен соң ол жерде 1985 және 1991 жылғы екі адамның мәйітін көріпті. Сондай-ақ, қастарында әбден титықтап біткен кішкентай қыз болыпты. Бүлдіршін 2017 жылғы екен, оны полиция қызметкерлері дереу ауруханаға жеткізген, қазір кішкентай бүлдіршіннің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

    Кішкентай Саша мәйіттердің қасында қанша күн өмір сүргені белгісіз. Қыздың анасы Виктория Девяткинаның таныстары фэйсбук желісі арқылы іздестіріпті.

    Айта кетейік, 3 және 4 мамыр күні айқай-шу болып, содан кейін бүлдіршіннің әке-шешесі Виктория мен Саша ешбір хабарсыз жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері пәтерге 11 мамыр күні кіргенін айтты.

    Көршілерінің айтуынша, отбасында жанжал көп болады екен, отбасылық жұп есірткімен әуестенген көрінеді. Полиция қызметкерлері түсірген фото мен видеодағы кадрлдарда кішкентай бүлдіршіннің әке-шешесінің есірткіге әуес болғанын растайды. Пәтерден шприцтер табылған.

    Виктория мен күйеуінің денесінен айтарлықтай жарақат байқалмаған, сондықтан да сарапшылар олардың өлімінің себебін анықтай алмай отыр.

    қатысты посттар

    «342 ай — алдаумен өтіп, жоғалған уақыт» — билік жүйесін сынға алған жаңа ән

    9-жасар қалыңдық: Үйлену тойдағы видео жұртты жылатты

    «Ән сұрап, төсек ұсынғандар болды» — композитор Бауыржан Есебаев

    Пікір қалдыру

    13 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.