-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Ақтөбеде көп балалы аналар Астанада Тірідей өртеніп кеткен бес қызды еске алды

    13 мамыр күні Ақтөбенің «Нұрғасыр» мешітінде көп балалы аналар биыл ақпан айында Нұр-Сұлтандағы уақытша баспана өртенгенде мерт болған апалы-сіңлілі бес қызға құран бағыштап, ауызашар берді. Мешіт асханасындағы ауызашарды 61 ана өз қалтасынан қаржы шығарып ұйымдастырған, деп жазады Азаттық радиосы.

    — Астанадағы бес сәбидің өлімі елдегі көп балалы аналарды әбден ашындырды. Бұл қайғылы жағдайды әрқайсымыз жеке қасіретіміздей қабылдадық. Аналар тарапынан талап күшейгеннен кейін ғана билік көп балалы шаңырақтардың әлеуметтік мәселелеріне назар аудара бастады. Қолымызға жәрдемақы тигеннен кейін біз тірілерге шапағатшы болған бес періштеге құран бағыштауды жөн көрдік, — дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Гауhар Мұсаева. 

    Бес баланың анасы Гаухар Мұсаева сәуір мен мамыр айының (263 мың теңге) жәрдемақысын алғанын айтады. «Құран бағыштағандар арасында түрлі себептермен жәрдемақыға қол жеткізе алмай қалған аналар да болды» дейді Гаухар Мұсаева.

    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл Ақтөбеде әлеуметтік атаулы көмек алушылар саны екі есе көбейген. Сәуір айында 6 654 тұрғын жәрдемақыға құжат тапсырған. Соның 6 436-іне 267 миллион теңгенің көмегі көрсетілген.

    2018 жылы 4 ақпанда Астананың Көктал-1 шағын ауданындағы Шыңғыстау көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласындағы уақытша баспан өртеніп, бір отбасындағы бес бала опат болған. Осы оқиғадан кейін Қазақстанда көп балалы аналар наразылығы күшейген.

    қатысты посттар

    Оралда 28 жастағы әйел бір айлық сәбиін сатып жіберген

    Фариза

    26-қабаттан құлап түскен бүлдіршіннің жантүршігерлік видеосы

    «Көз жұмды» Елордада атыс ұйымдастырған күдікті іздестірілуде

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.