-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Актердың қаламақысынан құн кеткен заман…» Актер отандық кино саласындағы былықтардың бетін ашты

    Алғашқыда «Жау жүрек мың бала» тарихи туындысы арқылы қалың көпшіліктің жүрегін жаулаған Асылхан Төлепов, бұдан былай түсірілім алаңына жиі бас сұқпайды. Өйткені, өнерпаздың көкейінде қыжыл көп! Оның айтуынша, қазіргі киноның сценарийінен сапа, ал актердың қаламақысынан құн кеткен заман…

    Сартай батырдың образын сәтті сомдағанымен, «Жау жүрек мың баладан» соң Асылхан көлемді картиналардан көп көрінбейді. Кино мансабындағы әр қадамын аңдап басатын актерға ұсыныс көп, бірақ көңіліне жаққан туындыға таңдап, талғап түсетіні бар. 

    Төлеповтің басты талаптарының бірі – сауатты сценарий.

    «Сұраймын ғой қандай деп. Жас бала, махаббаттан күйзеліп шегіп кетті, ішіп кетті. Жолы болмай, үйленейін деген қызы жол көлік апатына түсті, мерт болды деген сценарийлер. Ол біздің қазіргі қоғамға керек пе, керек емес пе білмеймін. Сол үшін мен бас тартамын» дейді Асылхан.

    Отандық кинонарықта Төлеповті толғандырар тақырып көп-ақ. Бірде фильм желісі жүрекке жақпаса, келесі де қаламақы мәселесі мәз емес.

    «Бас тартқан себебім: Біріншіден, көп уақытыңды алады. Және де сол уақытқа лайықты қаражат бермейді. 

    Жай келісе салады да. Ол біріншіден сен өзіңнің жұмысыңды өзің бағалау керексің. Өз-өзіңнің бағаңды білу керексің» дейді актер.

    Саннан гөрі, сапаға мән беретін Асылхан, «Жау жүрек мың бала» фильмінен кейін, толықметрлі екі ғана туындыда бой көрсетіпті.

    «Осы соңғы экранға шыққан фильмдерім «Финансист» және «Көкпар» туралы фильм. Қырғызстанда «Көк бөрі» деп шығарды. Енді ол фильмдердің мағынасы бар, айтар ойы бар» дейді Асылхан.

    Дереккөз: НТК Ревю

    қатысты посттар

    «Көңілімде қылаудай арамдық болмады» — Айнұр Тұрсынбаева көп балалы отбасыға 50 млн тұратын зәулім үй сыйлады

    Қылмыс әлемінің ханшаймы туралы не білеміз?

    Денис

    Азық-түлік бағасын реттей алмайтын министрлерді қуу керек – актер

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.