11 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Министр 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

    15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.

    “Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды”, – деп жазылған хабарламада.

    Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, оқу орнының басшылары, сынып жетекшілері және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

    Айта кетсек, 15 мамырда осымен үшінші жыл жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді. Алғашқы жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы қатысқан.

    қатысты посттар

    Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

    Фариза

    Алматыда арнайы жасақ “Демпартия” жақтастарын қоршады, орталық алаңда интернет өшті

    Фариза

    Жаңа жарлық бойынша Тоқаев Назарбаевтың келісімінсіз шешім қабылдай алмайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.