-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Медициналық сақтандыру қоры елордалық медицина ұйымдарына жыл басынан бері 33,7 мрд теңге төледі

    ​«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін елордалық медицина ұйымдарына 33,7 мрд теңге төледі. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде  (ТМККК) бөлінді.    

    «2019 жылдың 8 мамырындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт жасаған қаладағы медициналық қызмет көрсетуші ұйымдарға 33,7 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 37,1 пайызын құрайды», — дейді ӘМСҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. 

    2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге ұсыныс берген медицина ұйымдарымен жасалған 90,8 млрд теңгені құрайды. 

    Айта кетейік, биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс аясында елордалықтарға 95 медициналық ұйымқызмет көрсетеді. Олардың ішінде 60 жекеменшікклиника да бар. 2018 жылмен салыстырғанда, биыл жекеменшік клиникалар саны 12-ге артып отыр.  

    Мемлекеттік тапсырысты орындап жатқанжекеменшік медицина ұйымдарының саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстары көш бастап тұр. 

    Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері бойынша  үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады. Яғни, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы – Қор бақылауында.

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтанда 13 жастағы қыз жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырған

    «Әрбір азамат көз жұмған соң азғасын донорлыққа бере ме, оны тірі кезінде айқындап алуы керек» — Нұрлан Нығматулин

    Ораза кезінде болатын 10 қателік…

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.