Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Министр 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

    15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.

    «Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды», — деп жазылған хабарламада.

    Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, оқу орнының басшылары, сынып жетекшілері және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

    Айта кетсек, 15 мамырда осымен үшінші жыл жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді. Алғашқы жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы қатысқан.

    қатысты посттар

    «С праздником – 31 мая!» Халықты құғын-сүргін күнімен құттықтаған Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Фариза

    Тоқаев көтерген Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселелі қалай шешілуде?

    Фариза

    «Алдымызда аға бола білдің сен, Саған лайық іні болу бір арман» Болат Назарбаев ағасына арнап ән шығарды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.