21 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы отқа оранған үйде қалып қойды

    Көршілері отбасының төрт мүшесін тілсіз жаудан құтқарған.

    Шығыс Қазақстан облысының Путинцево ауылында бүтін бір отбасы тілсіз жаудан зардап шекті. Өрт сөндірушілерді оқиға куәгерлері мен көршілер шақырған, деп хабарлайды 24.kz.

    Өрт сөндірушілер келген кезде екі балалы отбасы тұрып жатқан үй түгел отқа ораныпты.

    Көршілер отбасының төрт мүшесін өрттен алып шыққан: 62 жастағы және 35 жастағы әйелдер, 14 жастағы қыз бен 4 жасар ер бала.

    Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

    Өрт сөндірушілер үйінді астынан 1965 жылғы ер адамның денесін тапты.

    Өрттің жалпы аумағы – 64 шаршы метр. Толығымен сөндіруге бес сағат кеткен.

    Мамандардың айтуынша, өрттің себебі электр желісінің істен шыққандығы болуы мүмкін.

    қатысты посттар

    Таразда екі айдан соң үйіне қайтпақ болған ұлттық ұлан сарбазы белбеуіне асылып қалды

    Фариза

    Жантүршігерлік жол апатынан кәмелет жасқа толмаған 4 бала қаза тапты

    Полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

    Пікір қалдыру

    eleven + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.