-0.1 C
Алматы
Понедельник, 29 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатСаясат

    Тоқаевтың сыныптасы бұрын беймәлім болған деректерді жариялады

    Жас Тоқаевтың ширақтығы мен ғажап реакциясы оған үстел теннисінен жетістіктер әкелді, деп еске түсірді сыныптасы

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыныптасы Андрей Антоненко мемлекет басшысының бұрын белгісіз болып келген спорттағы жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Тоқаев мектепте жүргенде үстел теннисінен КСРО спорт шеберіне кандидат болған.

    «Ол табиғатынан спортқа құмар, сұңғақ бойлы, жинақы, шапшаң болды. Алдымен командалық ойын түрлері – волейбол, баскетболға әуестенді. Содан кейін үстел теннисімен белсенді түрде айналысты», — деді Андрей Антоненко «Комсомольской правде — Казахстан» сайтына берген сұхбатында.

    Жас Тоқаевтың ширақтығы мен ғажап реакциясы оған үстел теннисінен жетістіктер әкелді, деп еске түсірді сыныптасы.

    «Керемет табысқа жетті, мектеп чемпионы атанып, қалалық жарыстарды жеңіп алды. Кейінірек тіпті «КСРО спорт шеберіне кандидат» атағын алды. Ол әлі күнге дейін жастық шағында құмартып ойнаған ойынын тастаған жоқ «, — дейді Антоненко.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылға жуық – 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың маусымына дейін Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды. Бұл уақытта Қазақстанда Халықаралық үстел теннисі федерациясының басты турнирлерінің бірі ITTF World Tour Grand Finals өткізілді.

    қатысты посттар

    «Тоқаевтан батыл да, шұғыл түбегейлі реформаны талап етейік…»

    Тоқаев кезектен тыс президент сайлау күнін белгіледі

    «Мақсатымыз – билікке бару» — Бекболат Тілеухановтың келіні жаңа «ХАҚ» партиясы жайында айтып берді

    Пікір қалдыру

    three × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.