9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Мәскеудегі трагедия: экипаж бен диспетчердің сөйлескен сөзінің жазбасы жарияланды (видео, фото)

    Желіде пайда болған жазбаның растығы әлі дәлелденген жоқ, деп жазады Sputnik Қазақстан.

    Отқа оранған SSJ 100 ұшағы экипажының Шереметьево әуежайы диспетчерлерімен сөйлескен сөзінің жазбасы жарияланды.

    Жексенбі, 5 мамыр күні Мәскеудің Шереметьево әуежайында төтенше жағдай болды. Әуе кемесі жолаушылармен бірге қатты қонып, өртенген болатын. Борттағы 78 адамның 41-і көз жұмды. 10 адам ауруханаға жеткізілді.

    Желіде экипаж бен диспетчерлердің сөйлескен сөзінің толық жазбасы пайда болды. Оның растығы әлі дәлелденген жоқ, деп хабарлайды.

    «Қайтуды сұраймыз»

    • «КВС: Шереметьево. «Вышка». Аэрофлот 1492. Қалай естідіңіздер?
    • Диспетчер: Айта беріңіздер.
    • КВС: Pan-Pan, Pan-Pan, Pan-Pan! (радио байланыс кезінде бұл сигнал ұшақта апаттық жағдай болғанын білдіреді. Бірақ жолаушылар мен әуе кемесіне қауіп төніп тұрған жоқ деген сөз) «Рабочее гнездо». Аэрофлот 1492. Мәскеуге жақындадық. Мәскеуге жақындадық. Қайтуды сұраймыз. 1492 радио байланыс үзілді, ұшаққа найзағайда жанып жатыр.
    • Диспетчер: Аэрофлот 1492. ИЮ Төмендеңіздер. Эшелон 80…»  © AP PHOTO / @ARTEMPETROVICHМәскеудің Шереметьево әуежайында отқа оранған «Аэрофлот» компаниясының SSJ 100 ұшағы

    Бұдан соң диспетчер пилоттарға координаталарды айтады. Курс, эшелон, бағыт. Штаттық сөйлесу.

    • «Диспетчер: Аэрофлот 1492. Оң жақтан курс 160. Көмек қажет бола ма?
    • КВС: Оң жақтан 160. Жоқ, әзірге бәрі дұрыс. Штаттық режимде. Аэрофлот 1492.
    • Диспетчер: Тек байланыс үзіліп тұр. Сізді дұрыс түсіндім бе?
    • КВС: Байланыс пен ұшақты автоматты басқару мүмкіндігі жоғалды.
    • Диспетчер: Сізді түсіндім».

    Ұшақ төмендеуін жалғастырды.

    «Орбита сұраймын»

    • «КВС: Аэрофлот 1492, орбита сұраймын (бұл айналым жасау мүмкіндігін білдіреді) Біз қонуға дайын емеспіз.
    • Диспетчер: Аэрофлот 1492, сізді түсіндім. Курс 350 оңға қарай алыңыз». © FOTO : СЛЕДСТВЕННЫЙ КОМИТЕТ РФШереметьево әуежайында апатқа ұшыраған Аэрофлот» компаниясы Sukhoi Superjet-100 ұшағының фюзеляжі

    Ұшақ шағын айналым жасап, Мәскеуге оралады.

    • «Диспетчер: Аэрофлот 1492, қанша уақыттан кейін дайын боласыздар?
    • Диспетчер: Аэрофлот 1492, дайын болғанда айтасыздар ғой? Естілмей кеттіңіздер.
    • КВС: Айтамыз. Аэрофлот 1492″.

    Бірнеше минуттан соң:

    • «Диспетчер: Аэрофлот 1492, қонуға дайынсыздар ма?
    • КВС: Иә.
    • Диспетчер: Аэрофлот 1492, қалай қонасыздар? Визуалды ма әлде ILS-пен бе? (курсты-глиссадты жүйе, ол адамның көмегімен немесе автоматты түрде құрылғылар арқылы қонуға арналған радионавигациялық жүйе)
    • КВС: ILS бойынша қонамыз».

    «Апаттық қызметтер жолаққа келсін»

    Диспетчер бос дәліздерді хабарлайды.

    • «КВС: Аэрофлот 1492, көмек қажет.
    • Диспетчер: Аэрофлот 1492, Шереметьево вышка, қонуды жалғастырыңыз, тыңдап тұрмын, сол жақтан 24.
    • Диспетчер: Аэрофлот 1492, жерде 160 градус жел, 7,  ұйытқуы секундына 10 метр, ВП24 сол жақта, қонуға рұқсат беремін.  
    • Диспетчер: Апаттық қызметтер жолаққа келсін «.

    Бұл соңғы сөз болды. Өйткені ұшақтың қатты қонып, өртене бастағаны көрінді.

    Жазбаға байланысты сарапшы пікірі

    Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Александр Романов жарияланған жазбаға қатысты пікірін айтты. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы түрлі ұшақта бірінші пилот болған, шетелдік компанияларда да қызмет еткен. 

    © FOTO: AGENCY «MOSKVA»Шереметьево әуежайында апатқа ұшыраған Аэрофлот» компаниясы Sukhoi Superjet-100 ұшағы

    «Бұл мәтін біраз қисынға келмей тұр. Кейбір сөздер… Авиацияда былай сөйлемейді. Мысалы: «Ұшақ найзағайда жанып жатыр»? деген не сөз? Пилоттың осылай айтуы мүмкін емес. Авиацияда қолданылмайтын тағы бірнеше сөз бар. Қайтуға рұқсат сұраған кезде әуе кемесінің командирі жартылай шок жағдайда болды деген болжам жасауға болады, әрине. Алайда бұл ақылға қонбайды. Ол кезде жағдайды әлі өзі бақылаған», —  деді ол.

    Оның айтуынша, бұл жазбаның рас екенін нақты айтуға болмайды. Романов трагедияға экипаж қателігі себеп болуы мүмкін деген де болжам жасады.

    «Ұшақ қонатын кезде ұшу-қону жолағында «секіре» бастады. Нұсқау бойынша экипаж қайта көтеріліп, тағы бір айналым жасауы тиіс болатын. Мұның орнына олар штурвалды  соңына дейін басты. Салдарынан ұшақтың «тұмсығы» төмен кетті «, -дейді сарапшы.

    Шереметьеводағы төтенше жағдай

    Жексенбі күні кешке Мәскеудің Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртенді. Лайнер Мәскеуден Мурманскіге ұшып шыққан. 28 минуттан кейін экипаж әуежайға қайта оралуға шешім қабылдаған. Ұшақ қатты келіп қонып, шасси тіреуі сынып, қозғалтқыш өртенген.

    Өртте 41 адам ажал құшты. Тек 33 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі аман қалды.

    Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/incidents/20190508/10094618/Maskeudegi-tragediya-ekipazh-dispetcher-zhazba-zhariyalandy.html

    қатысты посттар

    «Қазақстандағы дүнген қауымдастығының басшысы Қытай билігінен көмек сұрауда»

    Нұр-Сұлтанда бір күнде 3 бала терезеден құлап кетті

    Фариза

    Қарағандыда 21 жастағы жігіт туған анасын ұрып өлтіріп, денесін өртеп жіберген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.