Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматы облысының тұрғыны үш ауылдасын пышақтап тастады

    Тергеу мәліметі бойынша, Еңбекшіқазақ тұрғыны мас күйінде ауылдастарымен жанжалдасып қалған

    Алматы облысында мас күйінде үш ауылдасын пышақтап тастаған 38 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.

    Мамырдың 1-інен 2-сіне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының полициясына үш ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түседі. Малыбай ауылының тұрғындары жергілікті ауруханаға жеткізіліпті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, оларды өз ауылдасы пышақтап тастаған екен.

    Жедел іздеу шаралары барысында күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол мас күйінде жәбірленушілермен жанжалдасып қалған көрінеді.

    «Бұл оқиға бойынша қылмыстық тергеу басталды, нәтижесінде ауыр қылмыстың мән-жайы белгілі болады», — деп мәлімет берді Алматы облысының полиция департаменті.

    Күдікті қолданған ас үй пышағы заттай дерек ретінде тәркіленіп, істің материалдарына қосылған. Тергеу біткенше, ер адам аудандық полицияның уақытша ұстау абақтысында отырады.

    қатысты посттар

    «Біз екеуміз мына емшіге алдандық, анашым…» — емшіге қаралып көз жұмған баланың соңғы сөзі

    Сіз кімсіз, Игорь Дужнов? Бес адамды жайратып салған алматылық туралы жаңа деректер айтылды

    Фариза

    Көк-Төбедегі аттракционның жібі үзіліп, бір бала ұшып кеткен

    Пікір қалдыру

    2 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.