-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес Саясат

    Тоқаевтың сайлауалды штабы үгіт-насихатқа «подписчигі» көп жұлдыздарды тартпақ

    Тоқаевтың сайлауалды штабы әлеуметтік желілерді бөлек бағыт ретінде қарастырып отырНӘлеуметтік желілер Қазақстандағы сайлауда алғаш рет үлкен рөл ойнайды. Бұл туралы бүгін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

    Президент сайлауының ерекшелігі

    Әшімбаев биылғы президент сайлауының үлкен бір ерекшелігін атады.

    «Қазақстандағы сайлауда алғаш рет әлеуметтік желілер өте үлкен рөл ойнайды. Сондықтан қоғамдық штабтың қызметі аясында біз әлеуметтік желілердің жұмысына басымдық беретін боламыз»,- деді Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының құрылуына арналған брифингте.Т

    Ол биыл штаб әлеуметтік желілерді бөлек бағыт ретінде қарастырып отырғанын атап өтті.

    «Өйткені бүгінде қоғамдық пікірді қалыптастыруда әлеуметтік желілердің рөлі өте үлкен. Бұрынғы сайлауларда желілер мұндай рөл ойнамағаны белгілі. Сондықтан осы сайлаудың үлкен бір ерекшелігі деп айтсақ, артық болмайтын шығар», — деді партия төрағасының орынбасары.

    Әшімбаев әлеуметтік желіде үгіт-насихат заң аясында жүргізілетініне сендірді.

    Үгіт-насихатқа жұлдыздар тартылады

    «Қоғамдық штабтың жастар қанатын құрып жатқанымызды айттым. Жастар қанатына кандидаттың сенімді өкілі болған еліміздегі танымал жұлдыздар, журналистер, спортшылар кіреді. Сенімді өкіл ретінде олар өз парақшаларында сайлауалды үгіт-насихат жүргізе алады. Үгіт-насихат жұмыстарына қатысқаны үшін олар ақша алмайды», — деді ол.

    Бірақ, айтуынша, егер қандай да бір платформалар, пабликтер тартылатын болса, сайлау заңнамасына сәйкес ақша төленеді.

    Осы орайда Әшімбаев әлеуметтік желілерде «жазылушысы» көп танымал жастарды атады.

    «Қайрат Нұртасты айта аламын, менің білуімше, оның миллионнан астам «подписчигі» бар. Бұдан басқа әртістеріміз, спортта жүрген жұлдыздарымыз бар, әрқайсысының 10, 20, 30 мың «подписчигі» бар. Өз парақшаларында кандидат туралы ой-пікірін білдірсе деген өтініштеріміз болады», — деді ол.

    Айта кетсек, Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабына 187 адам кіріп отыр. Олардың арасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал спортшылар, депутаттар бар.

    Бүған қоса, штаб жанынан алғаш рет жастар қанаты құрылған. Оның құрамында Қайрат Нұртас, Құралай Анарбекова, Әйгерім Есенәлі және тағы басқа танымал жұлдыздар бар. Тоқавтың республика бойынша барлығы 19,5 мыңнан астам сенімді өкілі болады.

    Кезектен тыс президент сайлауы

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

    Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

    қатысты посттар

    Экс-депутат тағы да төсін жалаңаштап шықты

    «Лəйлə ханым, сіз екі жүздісіз…» — Ләйлә Сұлтанқызы тағы да сынның астында қалды (видео)

    «Хүррем Сұлтан» Қазақстанға келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.